Иран мен Қазақстан денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық комитетін құрды
(last modified Thu, 14 Mar 2024 17:06:49 GMT )
Нау 14, 2024 23:06 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық комитетін құрды

Иранның Денсаулық сақтау министрі Қазақстанмен арада денсаулық сақтау деңгейін жоғарылату үшін ынтымақтастық комитеті құрылғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бахрам Ейнуллахи Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Денсаулық сақтау министрлерінің отырысы аясында Ираннан Қазақстанға дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар экспорттау көлемінің артқанына тоқталып: "ИИР Шанхай отырысында Газа секторындағы палестиналық балалардың денсаулығына қарайласып, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді қолдайтынын айтты",-деді.

Бахрам Ейнуллахи сионистік режимнің қылмыстары салдарынан күн сайын Газада көп бала қаза тауып жатқанын айтып: "Халықаралық  ұйымдар Израильдің қылмыстарын тоқтата алмады. Тәуелсіз ШЫҰ-на мүше елдердің саммиттері әлемде жаңа халықаралық жүйе қалыптастырып, сионистік режимнің қылмыстарын тоқтата алады деп үміттенеміз",-деді.   

Бахрам Ейнуллахи: "Әлемдегі дәрігерлер қауымы сионистік режимнің қылмыстарына қарсы, Газа секторының медициналық тұрғыдан қамтамасыз етілмегеніне наразы. Әлем елдерінен Палестина халқының денсаулық жағдайын жақсартуға атсалысуды сұраймыз",-деді.

Осы күнге дейін сионистік режим Газадағы көптеген аурухана мен емдеу орталықтарын бомбалап, медициналық қызметкерлерді өлтірді немесе қамауға алды. Газа секторында жағдай ушығып тұр. Күн сайын ондаған адам қайтыс болады. Олардың арасында палестиналық сәбилер мен балалар бар. Олар жеткілікті тамақтанбағандықтан және аштықтан көз жұмып жатыр.

 

Тегтер