Наурыз мейрамына арналған күйшашу
Наурыз мейрамы – астрономиялық күн күнтізбесін қолданатын парсы және түркітілдес халықтар үшін көктем мезгілінің келуі және Жаңа жылдың басталуы.
Көктем мезгілі наурыз айының 21 жұлдызында өз құқығына толықтай енеді. Дәл осы ерекше күні күн мен түннің теңелуімен қоса, табиғаттың жаңаруынан да хабар беретін Наурыз мейрамы атап өтіледі. Наурыз құт-береке, достық, бақыт пен махаббатты бейнелейді. Шығыс халықтары үшін Наурыз – Жаңа жыл мерекесі, жаңа өмірдің хабаршысы болып саналады. «Наурыз» парсы тілінде «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді.
Наурыз – Қазақстанда он күн бойы тойланатын ұлттық мейрам ғана емес, сонымен қатар БҰҰ "Халықаралық күн" деп жариялаған мейрам. Наурыз мейрамы 300 миллионнан аса тұрғыны бар Орталық Азия, Балқан, Батыс Азия, Кавказ, Қара теңіз жағалауы және басқа да аймақтар, соның Үндістан мен Қытайда тойланады. 2009 жылы Наурыз ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының өкілдік тізіміне енгізілді. Наурыз мейрамы ұрпақтар арасында бейбітшілік пен ынтымақтастық құндылығын ілгерлетуге көмектеседі, сондай-ақ түрлі мәдени құндылықтар арқылы халықтар мен түрлі қауымдастықтар арасындағы тату көршілестік пен достықты нығайтуға ықпал етеді.
Қазақстанда мейрам күндері бір-бірін құттықтау рәсімдерімен қатар, ренжіп жүргендер бір-бірінен кешірім сұрап, татуласады. Туыстары мен жақындарына қонаққа барып, ұлттық тағамдар әзірлейді. Үй тазаланып, ағаш отырғызылып, ән-жырдан шашу шашылады. Сонымен қатар ұлттық ойындар ойналып, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Құрметті оқырмандар!
Осы күндері көптеген елдерде көктем мен жаңару мерекесі «Наурыз» тойланып жатыр. Шығыста Наурыз жыл басы ретінде бірнеше мыңдаған жылдардан бері тойланып келеді. Әлемде жер көлемі жағынан 9 орынға ие Қазақстан елі де осы мейрамды ерекше атап өтеді. Ұлы Дала елінің барлық аймақтарында бір ай бойы Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өткізіліп, әлемдік мұра тізіміне (ЮНЕСКО) енген қазақтың қасиетті домбырасынан күй төгіліп, ән шырқалады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, табиғаттың жаңаратын сәті – «Наурыз» мейрамымен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа бейбітшілік, игілік, гүлдену мен молшылық тілейміз!
Енді қазақтың домбырасына кезек берейік.
- «Адай», Құрманғазы
Бұл күйден халқымыздың жауынгерлік, батырлық рухын ғана емес, сонымен халықтың намысын шыңдап, еңсесін көтеруге себеп болатын ерекше энергияны байқаймыз. Ұлы композитор Құрманғазының осы күйі, оның кейінгі туындылары сияқты, күрес туы мен бостандықтың символына айналды.
- «Балбырауын», Құрманғазы
Бұл күйдің авторы – белгілі күйші Құрманғазы. Композитор атақты «Балбырауын» күйін жас кезінде шығарған, сондықтан күй эмоционалды екпінге және жанды толғандыратын текстураға толы. 1936 жылы Құрманғазы шығармасынан шабыт алған атақты композитор Брусиловский "Ер Тарғын" операсының финалында қырық кісі орындаған биге музыка етіп пайдаланды.
- «Дайрабайдың күйі», Дайрабай
Дайрабай күйі қазақ музыкалық өнеріндегі көптеген халық оркестрлерінің репертуарына енді. Т
Осы себепті "Дайрабайдың күйі" қазақ фольклорының асыл мұрасы болып табылады.
- «Серпер», Құрманғазы
Аспаптық қазақ музыкасының классикасы "Серпер" туындысы болып табылады. Шығарманың тарихына қысқаша тоқтала кетейік: Бір күні Құрманғазы адай руынан шыққан бір адамға барып, оның киіз үйінде қожайынның қызына тиесілі керегеге ілулі тұрған домбыраны көреді. Ақ-Медей сол жерде күйшіге таныс емес күйді ойнады, Құрманғазы сол жерде асығыс осы "Серпер" күйін шығарған.
5. Көңілашар, Түркеш Қалқаұлы
Түркеш Қалқаұлы 1832 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Бұл күйшінің шығармасы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің репертуарында енген. "Көңілашар" күйі – автордың ең танымал шығармасы. Түркеш Қалқаұлы – билер мен болыстар тарапынан қуғын-сүргінге көп ұшыраған күйші. Оның шығармасында озбырлық пен әділетсіздікке қарсы ұмтылыстары көрсетілген. "Қарабас", "Қоңыр ата", "Салық өлген", "Аңшылық", "Терісқақпай", "Көңілашар", "Байжұма", "Ақсақ құлан"сияқты күйлері мысал бола алады.
6. «Сарыарқа», Құрманғазы
"Сарыарқа" туындысы қазақ даласының шексіз кеңістігін бейнелейді. Белгілі күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлы өзінің туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін білдірген.
Дереккөзі: Ирандағы Қазақстан елшілігі