Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушылары Иран бейбітшілікті зерттеу ғылыми қауымдастығының директорымен кездесті
(last modified Mon, 08 Apr 2024 15:00:42 GMT )
Сәу 08, 2024 21:00 Asia/Almaty
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушылары Иран бейбітшілікті зерттеу ғылыми қауымдастығының директорымен кездесті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары А.Ж. Боранбаева мен Ғ.Ә. Қамбарбекова Иран еліне іссапар барысында 2024 жыл 19 наурыз күні Алламе Табатабаи университетенің докторы, Иран бейбітшілікті зерттеу қауымдастығының директоры доктор М. Тишеяр хамыммен кездесті.

Доктор М. Тишеяр – Орталық Азия мен Иран, Кавказ арасындағы халықаралық қатынастар бойынша маман ретінде аймақтағы бейбітшілік, тыныштық және мәдени байланыстар тақырыбын зерттейтін ғалым. Кездесу барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің оқытушылары доктор М. Тишеяр ханым басқарып отырған Иран бейбітшілікті зерттеу қауымдастығымен арадағы болашақ әріптестіктер мен ортақ ғылыми жобалар туралы пікір алмасты.

Ғ.Ә. Қамбарбекова, доктор М. Тишеяр, А.Ж. Боранбаева 

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің оқытушылары жуырда жарық көрген Парсыша-қазақша фразеологиялық сөздікті доктор М. Тишеярға тарту етті. Доктор М. Тишеяр да өз тарапынан Н. Фазили атты автордың Наурыз невешт (Наурыз жазды) атты кітапты сыйға тартты. Алдағы уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің оқытушылары мен Иран бейбітшілікті зерттеу қауымдастығының арасындағы әріптестік нығая түседі және бірлескен ғылыми жобалар жасалады деп күтіледі.

Наурыз жазды

Дайындаған: филология ғылымдарының кандидаты Қамбарбекова Ғалия Әмзеқызы