Maм 18, 2024 19:21 Asia/Almaty
  • Иран, Өзбекстан және Қазақстан теннис федерациялары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Иран теннис федерациясы басшысының Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша Иран, Қазақстан және Өзбекстан теннис федерациялары арасындағы ынтымақтастық туралы екі меморандумға жеке-жеке қол қойылды.

ИИР Телерадио  бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше,  Азиялық теннисті дамыту жөніндегі кеңесшілер отырысына қатысу үшін Қазақстанға барған Иран Ислам Республикасы теннис федерациясының президенті Азизи Қазақстан және Өзбекстан теннис федерацияларының басшыларымен бөлек отырыстарда кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Талантты іздеуге назар аудару, әлемдік және жасөспірімдер жарыстарында қойылмалы белгілерді шығару, жарыс күнтізбесі мен үш елдің спортшыларының бір-бірінің жарыстарына қатысу мүмкіндігін түзету, төрешілік, жаттықтырушылар және білім беру бағдарламаларын алмасу және әртүрлі бағдарламаларды жүзеге асыру, теннистің дамуына баса назар аудару осы меморандумдарда ескерілген нәрселердің қатарында.

Иран Теннис федерациясының президенті халықаралық теннис лагерлері мен Қазақстандағы тенис ұлттық орталығына да қатысып, осыған байланысты іс-шаралардың барысы туралы жан-жақты хабардар болды және үш елдің бір-бірінің мүмкіндіктерін пайдалану мүмкіндігін беру туралы шешім қабылданды.

Тегтер