-
Канани: Аймақтағы дағдарыстың қазіргі себебі – Палестинада зұлым соғыстың жалғасуы
Ақп 05, 2024 15:10ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы аймақта текетірестердің күшейгені туралы: "Аймақтағы дағдарыстың қазіргі себебі – АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауына сүйенген Израильдің зұлым соғысты жалғастыруы",-деді.
-
Раиси: Жетістіктерді айтып үміт тудырайық
Ақп 05, 2024 14:39Раиси: "Жетістіктерді айтып үміт тудырайық. Дұшпандар кемшіліктерді әсірелеп көрсетіп жатыр",-деді.
-
Амир Абдуллахиан Ұлыбританияның Сыртқы істер министріне: Аймақ халқының ашуын тудырмаңыздар
Ақп 05, 2024 14:04Иран Сыртқы істер министрі "Х" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Ұлыбританияның Сыртқы істер министрімен кездескеніне тоқталып: "Осы кездесуде соғысты жалғастырудың шешім жолы емес екенін, аймақ халықтарының ашуын тудыруға болмайтынын ашық айттым",-деді.
-
Иран АҚШ пен Ұлыбританияның кеше Йеменге жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Ақп 04, 2024 16:19ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ пен Ұлыбританияның кеше кешке Йеменге жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптап, осындай бейбастақ шабуылдардың жалғасуын халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін алаңдатарлық қатер деп атады.
-
Ресей: АҚШ Корей түбегінде қақтығыстар қатерін арттырып отыр
Ақп 04, 2024 15:40Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко Сеулде Оңтүстік Корея басшыларымен кездесуінде: "АҚШ-тың аймақтағы бүлдіргі әрекеттері қаламаған қақтығыстар туындау қатерін арттырады",-деп ескертті.
-
Әл-Файяз Хашд аш-Шааби шәһидтерінің жаназасын шығару рәсімінде: АҚШ отпен ойнап отыр
Ақп 04, 2024 15:10Ирактың Хашд аш-Шааби ұйымының басшысы Фалах әл-Файяз бүгін, жексенбі осы ұйым шәһидтерінің жаназасын шығару рәсімінде АҚШ-тың сенбі күні таңертең Ирактың батысына жасаған шабуылын "отпен ойнау" деп атап: "Бұл шабуыл жауапсыз қалмайды",-деді.
-
Путин Украинамен соғысты "Ресейді сақтап қалу жолындағы күрес" деп атады
Ақп 04, 2024 14:51Ресей Президенті Владимир Путин президенттік сайлауда қайта жеңіске жету үшін бастаған науқан барысында Ресейді сақтап қалу жолындағы Украина соғысының маңызы туралы айтты.
-
Палестинада шәһидтер саны артты
Ақп 04, 2024 14:21Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі: "Палестинада шәһидтер саны 27178 адамнан асты, жараланғандар саны 66030 адамға жетті",-деді.
-
Финляндия: Ресеймен арадағы шекарамыз жабық
Ақп 04, 2024 14:07АҚШ бастаған НАТО-ға жаңа қосылған елдердің бірі Финляндия Премьер-министрі сенбі күні Ресеймен шекараның жабық болатынын хабарлады.
-
Зеленский: Украина халқын электр қуатымен қамтамасыз етуге талпынып жатырмыз
Ақп 04, 2024 13:49Украина Президенті Владимир Зеленский сенбі күні кешке Ресейдің дрондық шабуылы салдарынан елдің бірқатар өңірлерінде электр қуатымен қамтамасыз ету тоқтатылғанын растап: "Электр стансаларын қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр",-деді.