Финляндия: Ресеймен арадағы шекарамыз жабық
АҚШ бастаған НАТО-ға жаңа қосылған елдердің бірі Финляндия Премьер-министрі сенбі күні Ресеймен шекараның жабық болатынын хабарлады.
"Правда" сайтының хабарлауынша, Финляндия Премьер-министрі Петтери Орпо: "Үшінші елдердің мыңдаған азаматы Ресеймен шекараның түрлі аудандарында Финляндияға заңсыз кіруге мұрсат күтіп отыр",-деді.
Петтери Орпо: "Мұндай жағдайда Ресеймен шекарада бақылау-өткізу пункттерін ашу мәселесі қарастырылмайды",-деді.
Финляндия 14 қаңтарда Ресеймен арадағы 1340 км шекараны Африка мен Батыс Азиядан келген заңсыз мигранттар толқынының алдын алу мақсатында жапқан болатын.
Хельсинки: "Мәскеу Финляндияда мигранттар дағдарысын тудыру арқылы осы елге біріктірілген шабуыл жасап жатыр",-деп уәж айтты. Бірақ Кремль бұл уәжді теріске шығарды.