-
Садрдың жақтастары Бағдаттағы Швецияның елшілігін өртеп жіберді
Шіл 20, 2023 20:33Ирак пен Швецияның Сыртқы істер министрліктері өз мәлімдемелерінде Садр жақтастарының Бағдаттағы Швецияның елшілігін өртегенін айыптады.
-
Ресей мұнайын Қазақстан жері арқылы Қытайға тасымалдау келісімі 10 жылға созылды
Шіл 20, 2023 20:14Ресей мұнайын Қазақстан жері арқылы Қытайға тасымалдау туралы келісім тағы 10 жылға созылды.
-
Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі мен Орта Азия саммитының қорытынды мәлімдемесі
Шіл 20, 2023 19:41Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі мен Орта Азия саммиты Сауд Арабиясының Джидда қаласында сәрсенбі күні кешке қорытынды мәлімдеме жасаумен аяқталды.
-
Ресейдің кейбір өңірлерінде исламдық банк қызметі сынақтан өтеді
Шіл 20, 2023 19:20Ресей Думасы сәрсенбі күні осы елдің кейбір өңірлерінде сынақ ретінде исламдық банк қызметінің құқықтық мәртебесі туралы заң жобасын бекітті.
-
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысына лаңкестікке қолдау көрсетті деген айып тағылды
Шіл 20, 2023 19:05Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы мен оның екі орынбасары ресми түрде осы елде лаңкестікке қолдау көрсетушілер тізіміне енгізілді.
-
Дүниежүзілік қаржы қоры: Ресейдің астық келісімінен шығуы азық-түлік қауіпсіздігіне қатерді арттырады
Шіл 20, 2023 18:44Дүниежүзілік қаржы қоры сәрсенбі күні өз мәлімдемесінде: "Ресейдің Қара теңіз арқылы астық экспорттау келісімінен шығуы дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігіне қатерді арттырады",-деді.
-
Иран Сирияның Баб әл-Хави өткелін пайдалануға шешім қабылдағанын құптады
Шіл 20, 2023 18:29Иран Ислам Республикасының елшісі мен өкілі Сирия үкіметінің елдің солтүстік-батысына гуманитарлық көмек жіберу үшін БҰҰ-ға Баб әл-Хави шекара өткелін пайдалануға алты ай мерзімге рұқсат беру туралы «мемлекеттік шешімін» құптады.
-
Аймақтағы кейбір елдер Иранда ұшақ жөндетуге өтініш жасады
Шіл 20, 2023 17:33Qeshm Air әуе компаниясының директоры кейбір көршілес елдердің Иранда техникалық қызмет алып, ұшақ жөндетуге өтініш жасағанын хабарлады.
-
Иран АҚШ-тың сардар Сүлейманиге қарсы қылмысына қатысты құқықтық іс қозғауға шешім қабылдады
Шіл 20, 2023 17:06Иран Президентінің құқықтық істер жөніндегі орынбасары: "Иран АҚШ-тың сардар Сүлейманиге жасаған террорына қатысты құқықтық іс қозғауға кесімді түрде шешім қабылдады",-деді.
-
Амир Абдуллахиан: Оман барлық тараптарды "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауға қайта оралуға шақырды
Шіл 20, 2023 15:50Иран Сыртқы істер министрі омандық әріптесімен кездесуі туралы: "Маскат үкіметі барлық тараптарды "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауға қайтару үшін көзқарастарды жақындатуға тырысып жатыр. Осыған қатысты Оман тарапынан бастамалар көтерілді. Соларды талқылап, пікір алмастық",-деді.