Ресей мұнайын Қазақстан жері арқылы Қытайға тасымалдау келісімі 10 жылға созылды
Ресей мұнайын Қазақстан жері арқылы Қытайға тасымалдау туралы келісім тағы 10 жылға созылды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында Мәскеу мұнайын Астана жері арқылы Қытайға тасымалдау саласындағы келісімнің түзетілген протоколының алғынұсқасы 2013 жылы 24 желтоқсанда дайындалған.
Бұл протоколда мұнай транзитінің көлемі, тарифтер деңгейі мен есеп айырысу тәсілі жаңартылды. Сондай-ақ Ресей мұнайын Қазақстан жері арқылы Қытайға тасымалдау саласында әріптестік 10 жылға ұзартылды.
Тараптар жылына 10 миллион тонна көлемінде ресейлік мұнайды уәкілетті ресейлік ұйымның ұзақ мерзімді тасымалдауына жағдай жасап, оған Ресей-Қазақстан шекарасындағы магистральдық құбыр жүйесін пайдалану құқығын беруге келісті.
Келісімшарт бойынша мұнайды тасымалдау құны тоннасына 2,1 доллар деп бекітілді. Бұл сома Қазақстанның ұлттық банкі белгілеген бағамға сәйкес теңгемен төленеді.
Сондай-ақ Қазақстан тарапы мұнай тасылдау қызметіне нөлдік мөлшерлемедегі қосымша құн салығын белгіледі. Бұл келісімшарт 2034 жылдың 1 қаңтарына дейін жарамды.