-
Иран жуырда Еуропа пен Ұлыбританияда лаңкестікті насихаттап жатқандарға қарсы жаңа санкциялық тізім жариялайды
Қаң 24, 2023 15:26ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Еуроодақ пен Ұлыбританияны Иранның бірқатар жеке және құқықтық тұлғаларына қарсы санкция салғаны үшін айыптап: "Иран жуырда Еуропа пен Ұлыбританияда адам құқығын бұзғандар мен лаңкестікті насихаттап жатқандарға қарсы жаңа санкциялық тізім жариялайды",-деді.
-
Иранның отырып ойнайтын волейбол командасы әлемнің ең үздік командасы атанды
Қаң 24, 2023 15:05Дүниежүзілік волейбол федерациясының мәлімдеуінше, Иранның отырып ойнайтын волейбол командасы бұрынғыдай әлемнің ең үздік командасы деп танылды.
-
Қалибаф: Швеция ашық исламофобияны сөз бостандығы деген жалған бетперденің артына жасыра алмайды
Қаң 24, 2023 14:36Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Швецияда Құран кітабына көрсетілген құрметсіздікті айыптап: "Швеция басшылары алдын ала жоспарланған ашық исламофобияны сөз бостандығы деген жалған бетперденің артына жасыра алмайды",-деді.
-
Ресей Думасының төрағасы: Теһран мен Мәскеу қарым-қатынасы жоғары деңгейге жетті
Қаң 24, 2023 06:17Ресей Думасының төрағасы Теһран мен Мәскеу қарым-қатынасының жоғары деңгейге көтеріліп, әртүрлі деңгейде кеңейгенін жариялап, ортақ отырыстарда Иран мен Ресейдің азаматтары мен үкіметтерін толғандыратын мәселелер талқыланатынын мәлімдеді.
-
Теһранда "Көк аспан астындағы бейбіт өмір" атты көркемсурет көрмесі өтіп жатыр
Қаң 23, 2023 19:21Теһранның Аташзад галереясында L'Art көркемөнер тобының ұйымдастыруымен "Көк аспан астындағы бейбіт өмір" атты бесінші халықаралық көркемсурет көрмесі өтіп жатыр. Көрмеде әлемдегі 16 елдің 45 суретшісінің 57 туындысы қойылған.
-
Швецияда Құран Кәрім өртелді
Қаң 23, 2023 12:08Сенбі күні Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Билстрем Twitter желісіндегі хабарламасында Стокгольмде Құран Кәрімді қорлауға қатысты көптеген елдердің сынына реакция білдірді. Биллстрем твитінде: «Исламға қарсы үгіт-насихат – қорқынышты нәрсе. Швеция толық сөз бостандығына ие, бірақ бұл Швеция үкіметі немесе мен бұл көзқарастарды құптайды дегенді білдірмейді»,- деп жазды. Осылайша Швеция үкіметі осы елдің астанасы Стокгольмде Құран Кәрімді қорлауға қатысты екі жақты ұстанымды ұстанды.
-
Канани: АҚШ екіжүзділігінің ұзақ тарихы бар
Қаң 23, 2023 11:35ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-тың тәртіпсіздіктер тәжірибесіне тоқталып, Американың екіжүзділігінің ұзақ тарихы бар екенін қуаттады.
-
Суреттер сөйлейді: Иранның ұлттық кілем қаласы
Қаң 23, 2023 11:33Кең байтақ Иран - тарихы кең өлке. Анбаран: Иран кілемдерін өндіру және әлемге экспорттау.
-
Түркияда Швецияның туы өртелді
Қаң 23, 2023 11:32Полиция күштерінің қолдауымен экстремистік адамға Құранды өртеуге рұқсат бергеннен кейін ызаланған түрік халқы Анкарадағы елдің елшілігінің алдында Швеция туын өртеп жіберген.
-
Антифа тобы мен американдық полиция арасындағы қақтығыс
Қаң 23, 2023 11:31Антифа мүшелері Джорджия штатының Атланта қаласында полиция көлігін өртеп жіберді. Қақтығыс кезінде полиция қызметкері жарақат алды. Полиция күш қолдану арқылы 6 адамды ұстады. Антифа – АҚШ-тағы солшыл антифашистік және нәсілшілдікке қарсы саяси қозғалыс.