Қаз 13, 2023 17:37 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан: Басқыншы режимге қарсы жаңа майдандар ашу ықтимал бар

ИИР Сыртқы істер министрі: «Палестиналықтарға қарсы соғыс қылмыстарының жалғасуымен аймақта барлық мүмкіндіктер бар, соның ішінде жаңа майдандар ашу»,- деді.

 

 

Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Амирабдуллахиан Бейруттегі баспасөз мәслихатында: «Мен Палестина халқын Нетаньяхудың соғыс қылмыстарына жауап болған "әл-Ақса дауылы" операциясы үшін құттықтаймын. Біз мұнда ислам елдері мен үкіметтерінің палестиналықтарға қарсы соғыс қылмыстарының жалғасуына қарсылығын білдіру үшін келдік»,-деді.

Амирабдуллахиан: "Газаны бомбалау, халықты босқынға айналдыру және суды беруді тоқтату сионистік режимнің соғыс қылмысы болып табылады",- деп баса айтты. Иран Сыртқы істер министрі палестиналықтарға қарсы соғыс қылмыстарының жалғасуымен аймақта сионистік режимге қарсы жаңа майдандарды ашуды қоса алғанда, барлық мүмкіндіктер бар екенін айтты.

 

Тегтер