Жел 03, 2023 17:45 Asia/Almaty
  • Өткен 24 сағатта 700-ден аса палестиналық шәһид болды

ХАМАС-тың баспасөз қызметі өткен 24 сағатта 700-ден аса палестиналықтың шәһид болғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ХАМАС-тың баспасөз өкілі Салама Маруф: "Өткен 24 сағатта сионистік режимнің әуе күштері мен артиллериясының ауыр шабуылдары салдарынан Газада 700-ден аса палестиналық шәһид болды",-деді.

Салама Маруф: "Осы күнге дейін Газада 1 млн 500 мыңнан аса адам босқынға айналды. Сионистік режимнің уәждеріне керісінше бұл секторда бірде-бір қауіпсіз жер жоқ",-деді.

ХАМАС-тың баспасөз өкілі: "Сионистер Газаның түкпір-түкпірінде түрлі қылмыстар жасауда. Басқыншылардың шабуылынан ешбір аудан аман қалмады",-деді.

Тегтер