Сәу 01, 2024 18:56 Asia/Almaty
  • Сионистер Дейр әл-Балхта палестиналық босқындардың күркелерін бомбалады

Сионистік режимнің әскерилері Газаның орталығындағы Дейр әл-Балхта палестиналық босқындардың күркелерін бомбалап, бірнеше палестиналықты шәһид етіп, бірқатарын жаралады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің қырғи ұшақтары Дейр әл-Балхтың "әл-Ақса шәһидтері" ауруханасының ауласында орналасқан палестиналық босқындардың күркелерін бомбалады. Соның салдарынан кемінде 4 палестиналық қаза тауып, 21 адам жараланды.

Сионистік режимнің әскерилері сондай-ақ "әл-Ақса шәһидтері" ауруханасының ауласында орналасқан тілшілердің күркесін нысанаға алды. Бұл шабуылда да 2 палестиналық қаза тауып, бірқатар тілші жараланып, ауруханаға тасымалданды.  

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Израильдің Газа секторына шабуылынан қаза болғандар саны осы күнге дейін 32782 адамға жетсе, жараланғандар саны 75298 адам болды.

 

Тегтер