Сәу 07, 2024 17:35 Asia/Almaty
  • Бізде заңдылық жоқ. Израиль ақпарат құралдарында сын-пікірлер көбейді

Сионистік режимнің Газа секторына шабуылы 180 күннен асып, созылмалы сипатқа ие болғаннан кейін иврит тіліндегі ақпарат құралдарында сионистік режимнің Министрлер кабинетінің қызметіне қатысты сын көбейіп кетті.

"Гаарец" сионистік газеті өз мақаласында: "Газа секторына қарсы соғыстың басталғанына алты ай болды. 2023 жылғы 7 қазаннан бері Израильде жағдай нашарлап барады",-деп жазды.

Мақаланың жалғасында: "Соғысты тоқтатуымыз керек. ХАМАС-тың қолындағы тұтқындарымызды қайтарып алуымыз керек",-делінген.

"Гаарец" газеті: "Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху қызметінен босатылуы тиіс",-деді.

Сионистік ақпарат құралдары өз мақалаларында: "Газаға қарсы соғыс басталғанынан жарты жыл өтсе де, алдын ала жарияланған мақсаттар орындалмады. Алты ай ішінде бірде-бір тұтқын үйіне қайтпады, ХАМАС та жеңіліс таппады",-деді.

Мақаланың жалғасында: "Соғыста 1500 адам қаза тапты. Қарапайым израильдіктермен бірге резервтегі күштерден жүздеген адам осы соғыстың өтеуін төлеуі керек. Израиль өз саясатын қайта қарауы тиіс. Өйткені алдын ала жарияланған мақсаттардың орындалуы екіталай",-делінген.

Иврит тіліндегі ақпарат құралдары: "Израиль кабинеті тек Газада сәтсіздікке ұшырап отырған жоқ, солтүстік майданда да жағдайды түзеуге, израильдіктерді солтүстікке қайтару үшін Хизбулланы кері шегіндіруге еш мүмкіндік жоқ",-деп жазды.

Израиль ақпарат құралдарының мойындауынша, 7 қазаннан бері Израильдің жағдайы қай тұрғыдан алсаң да, ушыға түсті. Біз Израильде дипломатиялық, саяси-экономикалық, әлеуметтік және қауіпсіздік тұрғыдан құлдырауға куә болдық. Соғыстың басталғанынан 6 ай өткенде Израиль барлық заңдылықтардан айырылды, басқа кезден көбірек оқшауланды, мемлекеттік  қайраткерлерге қарсы заңды шаралар мен санкциялар алдында тұр.

Израиль ақпарат құралдары: "Израиль басшылары келіссөз жүргізудің орнына әскери қысым жасауды жөн көріп отыр. ХАМАС-қа қысымды арттырған сайын олар шарттарды жеңілдетеді деп ойлайды. Бірақ бұл – жеңіліс тапқан стратегия. Соғыс басталғалы бері режим армиясы тарапынан қаза тапқандар саны 604 адамға жетті",-деп баса айтты.  

Бұған дейін сионистік режим бұрынғы Премьер-министрі Эхуд Ольмерт Газада соғысты дереу тоқтатып, израильдік тұтқындарды қайтаруды талап етіп: "Бұл жағдайда Израильдің жетістігі соғысты жалғастырғаннан әлдеқайда көп болады",-деген болатын.

Эхуд Ольмерт: "Нетаньяху соғысты израильдік тұтқындарды құтқару үшін жалғастырып отырған жоқ, өзін құтқару үшін созып отыр",-деді.

Сионистік режим бұрынғы Премьер-министрі: "Бұл соғыста Беньямин Нетаньяху белгілеген мақсаттарды орындай алмайды",-деді.

Соңғы мәліметтер бойынша сионистік режимнің Газаға шабуылдарында 33 мың палестиналық қаза тауып, 75 мыңнан аса адам жараланды.

Израиль режимінің іргетасы 1917 жылы Ұлыбританияның жобалауымен түрлі елдердегі еврейлерді Палестина жеріне көшіру арқылы қаланды. 1948 жылы Израиль мемлекеті жарияланды. Осы кезден бастап палестиналықтарды қырып-жойып, жерлерін тартып алуға бағытталған түрлі жобалар орындалды.

Тегтер