Неліктен Құдай шайтанға мүмкіндік береді?
(last modified Wed, 29 May 2024 16:15:17 GMT )
Maм 29, 2024 22:15 Asia/Almaty
  • Неліктен Құдай шайтанға мүмкіндік береді?

Құран Кәрімде Ібілістің тәкаппарланып, Алланың Адамға сәжде жасау бұйрығына мойынсұнбағаны және Алланың қасынан қуылғаны айтылады. Бірақ ұзақ жылдар бойы ғибадат еткендіктен, Алла Тағала өзінің әділдігі мен даналығы бойынша оның қалып, аман қалу туралы өтінішіне келіскен.

 

Құран бойынша Ібіліс жындардың бірі болып саналады. Олар адам болсын, адам емес болсын, кез келген арамза, жолдан тайдырғыш, залым, бүлікшіл болмысқа «шайтан» дейді, ал Ібіліс – хазірет Адамды алдап, әлі күнге дейін әскерімен адамзатты аңдып жүрген шайтанның аты.

Бірақ Ібіліс не үшін жаратылды және мұндай жаратылыстың жаратылып, адамдарды адастыруы Алланың әділдігі мен хикметіне сәйкес келе ме? Бұл мақаланың мақсаты - осы сұраққа жауап беру:

Шайтанның Құдаймен соғысуы

1: Алла Іблісті шайтан етіп жаратқан жоқ. Керісінше, Құран бойынша ол жындардың бірі саналып, адам сияқты іс-әрекетінде еркін болды. «...Жыннан болған ол, Раббының әмірінен бас тартты...».

Демек, шайтанның жаратылуы азғыру мен адастыру үшін емес, Мұхаммад пайғамбардың мұрагері әрі шиіттердің бірінші имамы Имам Әли (ғ.с.) өзінің уағыздарының бірінде айтқанындай («Наһж әл-Балаға» 192-ші құтба), Ібіліс алты мың жыл ғибадат еткен, бұл дүние немесе ақырет жылдарынан болғаны белгісіз, бір сәт тәкаппарлықпен олардың бәрін жойды. Ол өз бостандығын асыра пайдаланды. Жалған теңеу бойынша Алла оны оттан, адамды лайдан жаратты, «от лайдан артық» деді.

Сондықтан ол тәкаппарланып, Алланың Адамға сәжде жасау бұйрығына мойынсұнбай, илаһи есіктен қуылды. Бірақ ұзақ жылдар бойы ғибадат еткендіктен, Алла Тағала өзінің әділдігі мен даналығы бойынша оның қалуына және аман қалуына келісті. Ібіліс бұл мүмкіндікті пайдаланып, адамдарды сынап, адастыруға тырысатынын айтты.

 Өсу үшін қайшылықтың маңызы

Екінші: жаратылыс жүйесі тұрғысынан шайтанның болуы мүміндер мен хақ жолын ұстанғысы келетіндерге зияны жоқ. Керісінше, бұл олардың ілгерілеуі мен дамуының құралы, өйткені прогресс пен даму әрқашан қайшылықтардың ортасында болады. Анығырақ айтқанда, адам күшті жаумен бетпе-бет келмейінше, күш-қуатын, данышпандығын ешқашан жұмылдырмайды және пайдаланбайды. Күшті жаудың бар болуы адамның барған сайын көбірек әрекеттенуіне және нәтижесінде оның өсіп дамуына әкеледі.

Қазіргі тарихтың ұлы философтарының былай дейді: «Әлемде ешбір ғажайып өркениет табылмады, егер бір халықты бөгде күш басып алып, осы шапқыншылықтың нәтижесінде өзінің кемеңгерлігі мен талантын пайдаланып, тамаша өркениет құрмаса».

Сол кезде адам жақсылықтың мәнін түсініп, жамандықты көріп, одан хабардар болуды таңдайтынын да білу керек. Демек, теория бойынша шайтанның болуы адамзаттық дүние жүйесінің бір тірегі болып табылады, сонда ғана шайтанның бар болуы, егер оған еретін болса, оны зұлым деп санауға болады. Бірақ оған қарсы тұру және оған қарсы күресу жақсы және күш-қуат, өсу және даму көзі.

Шайтанды қарсы алу

Үшіншісі: Iайтан жанымызға, рухымызға ешқашан кірмейді және ол біздің жан еліміздің шекарасынан төлқұжатсыз өтпейді, оның шабуылы ешқашан тосын емес, ол біздің рұқсатымызбен кіреді. Оған есігін ашатын біздер. Құран Кәрімнің «Нахл» сүресінің 99-100 аяттарында: "Шын мәнінде иман келтіріп, Раббыларына тәуекел еткендерге шайтанның бір үстемдігі болмайды.  Шынында оның үстемдігі, оны дос тұтып Аллаға серік қатушыларға ғана жүреді",- деп айтылса,  "Хажар" сүресінің 42-аятынан: "Менің шынайы құлдарыма ықпалың жүрмейді. Бірақ, саған кім ерсе, адасқандардан болады",- деп оқимыз.

Осы аяттарға сәйкес, Ібіліс пен басқа шайтандардың адамдардың рухы мен жүрегінің аймағына кіруіне адамдардың өзі рұқсат бермейінше ешқашан рұқсат етілмейді. Тағы бір айта кетерлік жайт, біз шайтан мен оның серіктерін көре алмаймыз, бірақ олардың ізін көреміз.

Тегтер