Имам Хұсейннің сөзі, имам Хұсейннің ерлігі (1)
(last modified 2024-07-07T15:46:25+00:00 )
Шіл 07, 2024 21:46 Asia/Almaty
  • Имам Хұсейннің сөзі, имам Хұсейннің ерлігі (1)

Бұл жинақ имам Хұсейннің (ғ.с.) көтерілісі мен ерлігін қарастырады.

 

 

Хижраның 60 жылы раджаб айының ортасында Муавия қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Язид халифатқа отырады. Ол Муавияның қайтыс болғанын және өзінің мұрагер болғанын әр жердегі басшыларға жіберген хаттары арқылы бірден жариялады. Мәдинаның әкімі  Уәлид бин Утбаға да осы тақырыпта хат жазды. Бірақ сол хатпен бірге оған жіберген тағы бір шағын хатында ол Уәлид бен Утбаға Хұсейн бен Әлиден (ғ.с.) ант алуда қатаң болуды және оған бұл тұрғыда рұқсат немесе мүмкіндік бермеуді бұйырған еді!

Хат түннің басында келген кезде Уәлид бен Утба Муавияның қайтыс болғаны туралы хабар қалаға таралмай тұрып, Маруан бен Хакамның кеңесімен имамды (ғ.с.) шақырып, одан Язидке ант беруін сұрайды.

Уәлидтің шабарманы имамға (ғ.с.) хабарын жеткізген кезде, имам Хұсейн (ғ.с.) өзінің отыз серігі мен жанұясының ең жақын мүшелеріне қаруланып, онымен бірге шақырған жиынға баруды және қажет болған жағдайда оны қорғауға дайын болуды бұйырды.

Кездесуде Уәлид Муавияның өлімі туралы хабардар ете отырып, Язидтің бейаты мәселесін көтерді.

Имам Хұсейн (ғ.с.) былай деп жауап берді: «Мен сияқты адам жасырын ант бермеуі керек және сіз де ондай адалдыққа қанағаттанбауыңыз керек!» Имам осылайша Язидке жасырын түрде ант беруді қабылдамай, қарсылығын былайша білдірді: «Уа, Уәлид! Біз – пайғамбарлық әулет және ресалят кені, біздің әулет – періштелердің келіп-кететін жері және Алланың мейірімінің түсетін жері – Алла Тағала біздің әулеттен (Пайғамбар әулетінен) Исламды бастап, ашқан және әрі қарай да әулеттің ілгерілеуін жалғастыра бермек, соңына дейін бізбен бірге. Бірақ Язид, сен мен оған ант беремін деп күтіп отырған бұл кісі қолы жазықсыз адамдардың қанына боялған маскүнем. Ол илаһи бұйырықтар құпиясын бұзып,   жұрт алдында азғындық жасайтын адам. Мен сияқты жарқыраған отбасыдан шыққан адамның мұндай жемқорға адалдық ант беруім дұрыс па? Осы тұрғыда сіз бен біз болашақты ойластырғанымыз жөн, сонда қай біріміз Ислам үмбетінің халифатына және басшылығына лайықты және халықтың ант беруіне лайық екенімізді көресіздер".

Қорлық бізден алыс

Имам Хұсейннің (ғ.с.) көтерілісінің мақсаты мен ислам үмбетін адасуға апарып, халифат атын жамылып құлауды көздеген билікті басып-жаншу жолындағы болашақ бағытын айқындайтын бұл сөзі бір жағынан оның көтерілісінің бастапқы нүктесі болып табылады.

 

 

Тегтер