Адамдарға жанашырлық таныту – діндердің уәде етілген құтқарушысы Имам Мәһдиге жақындаудың жолы
Мәһдавиат саласындағы зерттеуші адамдарды жанашырлық таныту мен көмектесуді діндердің уәде етілген құтқарушысы Имам Мәһдиге (ғ.с.) жақындаудың ең жақсы жолдарының бірі деп санады.
Мәһдавиат саласындағы зерттеуші Махмуд Абазари адамдарды жанашырлық пен көмектесуді діндердің уәде етілген құтқарушысы Имам Мәһдиге (ғ.с.) жақындаудың ең жақсы және жылдам жолдарының бірі деп: "Жанашырлық дегеніміз - басқа адамдардың қайғы-қасіреттері мен проблемаларын өзіміздікі деп санау және адамдарға көмектесуге ұмтылу",- деп айтты.
Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Мәһдавиат саласындағы бұл зерттеуші адамдардың жанашырлық таныту және көмектесу үшін күш-жігері мен негізі шешуші екенін атап: "Әһли Бәйт ғашықтары мен уәде етілген құтқарушыны күтушілер қолдарынан келгенін пайдаланса, Алланың жәрдемі мен қолдауы олардың жағдайына еніп, хазірет Мәһди (ғ.с.) тезірек келеді",- деп мәлімдеді.
Абазари Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) әулетінен және әлем шиіттерінің бесінші имамы имам Бақердің (ғ.с.) сөзінің біріне назар аудартты. Имам Бақер (ғ.с.): "Хазірет Мәһди келген кезде жер бетіндегі адамдар арасында сондай достық орнайды, әркім қажет нәрсесін дін бауырының қалтасынан ала алатын болады",- деген.
Бұл діни зерттеуші "Пайғамбарларды қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік: Елшілерден кейін адамдардың Аллаға қарсы сылтауы болмауы үшін. Алла (Т.) аса үстем, хикмет еисі" деген "Ниса" сүресінің 165-аятына сілтеме жасап: "Ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) жіберілуіне қатысты Алланың сүннеті мынада: Алла Тағала өз елшісін адамдар қаласа да, қаламаса да жібереді, сонда бұл пайғамбарларды жібергеннен кейін барлық адамдар үшін дәлел толық болады. Бірақ Имам Мәһдидің (ғ.с.) келуіне қатысты илаһи заң – адамдардың әділеттілікке көтерілуі керек",- деді.