-
Сардар Солейманиге қарсы лаңкестік әрекет жөнінде Трамп тағы бос сөйледі
Қаң 14, 2020 19:013 қаңтарда АҚШ қылмыстық әрі заңсыз әрекетінде Бағдад халықаралық әуежайына жасаған әуе шабуылында Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің басшысы Абумаһди әл-Моһандес пен олардың қасындағыларды шәһид етті. Бұл лаңкестік шабуылға «Сардар Солеймани АҚШ елшілігіне шабуыл жасағысы келеді» деген уәждер сылтау болды.
-
Вашингтонның шәһид Солейманиді қастандықпен өлтіру себебі туралы қарама-қайшы ұстанымдары
Қаң 13, 2020 17:19АҚШ 3 қаңтарда заңсыз, қылмыстық әрекетінде Ирак басшыларының ресми шақыруымен осы елге барған Ислам революциясы Сақшылар корпусының "Құдс" арнайы жасағының қолбасшысы сардар Ғасем Солейманиді Хашд әш-Шааби халықтық күштері басшысының орынбасары Абу Маһди әл-Моһандес және оның серіктерімен бірге Бағдад әуежайына ұшқышсыз ұшақпен шабуыл жасау арқылы шәһид етті. Бұл әскери амалдың сылтауы сардар Солейманидің АҚШ елшілігіне шабуыл ұйымдастыруға талпынысы деп аталды.
-
Рухани Трампқа еш уақытта Иран халқына қоқан-лоққы жасамауды ескертті
Қаң 07, 2020 12:18ИИР Президенті АҚШ Президентінің Ирандағы кейбір орталықтарды нысанаға алатыны жөніндегі қоқан-лоққысына реакция білдіріп, Twitter-дегі парақшасында: «Еш уақытта Иранның ұлы халқына қоқан-лоққы жасамаңдар»,- деп жазды.
-
Трамп Иранның АҚШ-тан кек алуынан қорқып, қоқан-лоққыға жүгінді
Қаң 05, 2020 18:01АҚШ-тың Бағдадта Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің басшысы Абумаһди әл-Моһандес пен олардың серіктерін шәһид еткен заңсыз қылмысы Иранның қатаң реакциясына ұшырады. Иран АҚШ-тан қатаң кек алуға серт берді. Бұл АҚШ Президенті Дональд Трамптың үрейін ұшырды.
-
Трамптың жауластық сөздерінен кейін АҚШ мүдделерін қорғаушы Иран СІМ-не шақыртылды
Қаң 05, 2020 15:55Швейцарияның Ирандағы елшісі АҚШ мүдделерін қорғаушы ретінде АҚШ Президентінің Иранға қарсы жауластық сөздерінен кейін ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары тарапынан шақыртылып, оған Теһран үкіметінің наразылығы жеткізілді.
-
Сардар Солеймани мен оның серіктерін қастандықпен өлтіру халықаралық заңдарға қайшы
Қаң 05, 2020 14:54Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани мен оның серіктерін қастандықпен өлтіруді халықаралық заңдарға қайшы деп атады.
-
Трамп террор жасағанын мойындады
Қаң 04, 2020 10:19АҚШ Президенті Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс арнайы күштері қолбасшысына террор жасағанын мойындады.
-
Ресей Солтүстік Кореяға АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзғанын назарда ұстау қажеттігін ескертті
Қаң 02, 2020 18:11АҚШ Дональд Трамптың билігі кезінде Солтүстік Кореяға қатысты қоқан-лоққы мен келіссөз саясатын ұстанып келеді. Екі ел басшылары арасында келіссөздердің үш кезеңі өткізілгеніне қарамастан, әлі күнге дейін Корея түбегіндегі ядролық дағдарысты шешу жолында ешқандай шынайы ілгерілеу болмады және мамандар деңгейіндегі жаңа келіссөздер де нәтиже бермеді. Бұл мәселе Ресейдің реакциясына ұшырады.
-
Трамп Пелосиге импичмент жариялауды сұрады
Жел 21, 2019 16:06Америка президенті Дональд Трамп Өкілдер Палатасының спикері Нэнси Пелосиді Сенатпен мәміле жасамақ деп айыптап, оған импичмент жариялауды сұрады.
-
НАТО-ның Бас хатшысы Батыстың әскери ұйымындағы шиеленістің күшейгенін мойындады
Жел 17, 2019 18:19НАТО-ға мүше мемлекеттер бұл әскери ұйымның құрылуының 70 жылдығын қайшылықтар мен дағдарыстар бұрын-соңды болмағандай артып, келешегі белгісіз күйге тірелген жағдайда атап өтуде. НАТО-ның негізі мен тиімділігі жөніндегі қайшылықтар – Батыстың әскери ұйымының шиеленістерінің басты мәселесі.