-
Ислам революциясының жетекшісі: Теңіз күштері Иранды қорғау саласында стратегиялық рөлге ие
Қар 29, 2017 14:15Иран Ислам революциясының жетекшісі әрі елдің бүкіл қарулы күштерінің Бас қолбасшысы аятолла Хаменеи армия теңіз күштері қолбасшылары және офицерлерімен кездесуінде теңіз күштерінің маңыздылығына тоқталып: "Теңіз күштері Иранды қорғау үшін алғы шепте орналасып, Макран, Оман теңізі мен халықаралық сулар сынды маңызды аймақтарды өз бақылауына алып отыр. Бұл күштер бұрынғыдай халықаралық суларды өз бақылауында ұстауы керек",- деді.
-
Иран күштерінің мәртебелі қолбасшысы: Иран Армиясының теңіз күштері өзінің серпінді жолын жалғастырып келеді
Қар 28, 2017 15:40Иран күштерінің Бас қолбасшысы азар айының жетісі (қарашаның жиырма сегізі) – теңіз күштері күнін осы күштерді мақтаныш тұтатын әрі олардың жанкештіліктерін марапаттайтын күн деп атады.
-
Революция жетекшісі: Революцияшыл жастардың үстемшілдікпен күрес майданындағы жалынды құзыры – Ислам революциясының мұғжизасы
Қар 23, 2017 13:33Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні таңертең Иранның жер-жерінен келген мыңдаған ерікті күштерді қабылдауында жастардың әртүрлі салаларда, әсіресе үстемшілдікпен күрес майданындағы жалынды құзырын ислам революциясы мұғжизаларының бірі деп атады.
-
Ислам революциясының жетекшісі: ДАИШ билігінің аяқталуы АҚШ пен оған тәуелді режимдерге соққы берді
Қар 22, 2017 11:41Иран Ислам революциясының жетекшісі: "ДАИШ-тың сұм билігінің аяқталуы Батыс Азия аймағында өздері мен заңсыз сионистік режимнің билігін орнату мақсатында бұл топты құрып, оған жан-жақты қолдау көрсеткен АҚШ-тың бұрынғы және қазіргі үкіметтері мен аймақтағы соларға тәуелді режимдер үшін соққы болды",- деп қуаттады.
-
Генерал Солеймани Ислам революциясының мәртебелі жетекшісіне ДАИШ-тің билігінің аяқталғанын мәлімдеді
Қар 21, 2017 17:18Иранның Ислам Революциясы Сақшылар корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы Ислам революциясының мәртебелі жетекшісіне ДАИШ-тың сұм билігінің аяқталғанын мәлімдеді.
-
Мәртебелі жетекші: Басшылар зілзаладан зардап шеккен аймақтардағы талпыныстарын екі есе арттырсын
Қар 20, 2017 18:35Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі бүгін таңертең Иранның батысындағы Керманшаһ облысының Сарпол Заһаб шаһрестанындағы зілзала болған аймақтарды аралау барысында: «Басшылар талпыныстарын екі есе арттырсын. Қазіргі жағдайға көңілім толмайды» деп қуаттады.
-
Ислам революциясының жетекшісі зілзала болған Керманшаһ облысына келді
Қар 20, 2017 12:44Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи дүйсенбі күні таңертең зілзала болған аймақтарды көріп, зардап шеккен халықпен кездесу үшін Керманшаһ облысына келді.
-
Діни жетекші: Арбағиннің ұлы оқиғасы – Құдай жолындағы джиһад пен шәһәдат рухы таралуының көрінісі
Қар 13, 2017 18:12Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Арбағин шерулерінің салтанатты әрі таңданыс тудыратын оқиғасын мадақтап, дұға тілеп, зияратшылардың зияраттарының қабыл болуын сұрап, осы рәсімді өткізушілерге алғыс айтты.
-
Революция жетекшісі елдің жауапты тұлғаларын зілзаладан жапа шеккендерге көмек көрсетуге шақырды
Қар 13, 2017 11:49Ислам революциясының жетекшісі Иранның батысында болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамдардың қаза тауып, зардап шегуіне байланысты үндеу жолдады.
-
Ислам революциясының жетекшісі: Революцияның өткен жолы үміттендіретін белгілерді көрсетіп отыр
Қар 10, 2017 16:44Шәһидтердің жетекшісі хазірет Аба Абдулла Хусейн (ғ.) мен оның сенімді серіктерінің қырқының жылдығы – Арбағин күні имам Хомейнидің (р.) кесенесі Иранның түкпір-түкпірінен келген студенттік делегацияларды қабылдады. Студенттер мен университет қызметкерлері Ислам революциясының жетекшісімен бірге аза тұту рәсімдерін өткізді.