-
Велаяти: Иранның аймақтағы стратегиялық саясаты өзгермейді
Шіл 18, 2018 17:53Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Иранның аймақтағы стратегиялық саясатының өзгермейтінін айтып: «Иран Сирия мен Ирактың шақыруымен осы елдерге барғандай Йеменге де көмектесе алады» деді.
-
Йемендіктер АҚШ-тың өз қылмысын Иранға таңу әрекетіне жауап қайтарды
Шіл 09, 2018 15:23Йеменнің Жоғары революциялық кеңесінің басшысы: "Егер АҚШ Иранның Йеменге баллистикалық зымырандар бергені туралы өз уәждерін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар мен құжаттар келтірсе, голливудтық көрсетілім қоюдың қажеті болмайды",- деді.
-
Абдолмалек әл-Хуси Ливан Хезболласының бас хатшысына ұстанымдары үшін алғыс айтты
Шіл 08, 2018 12:56Йеменнің "Ансаролла" қозғалысының бас хатшысы сенбі күні кешке мәлімдеме жариялап, Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейіт Хасан Насроллаға Йемен халқына қолдау көрсетіп, саудиялық коалицияның басқыншылығына тойтарыс берудегі ұстанымдары үшін алғыс білдірді.
-
Саудиялық коалицияның ал-Ходейдаға жасаған шабуылында 121 000 адам босқынға айналды
Шіл 05, 2018 14:09БҰҰ саудиялық коалицияның Йеменнің ал-Ходейда айлағына жасаған шабуылындағы қақтығыстарда осы аймақтың 121 000 тұрғынының босқынға айналғанын хабарлады.
-
Рухани: Иранның Сириядағы негізгі мақсаты ДАИШ-ке соққы беру болды
Шіл 05, 2018 10:17Иран президенті ИИР-ның Сириядағы негізгі мақсатының ДАИШ лаңкестік тобына қарсы негізгі соққы беру болғанын баса айтып: "Иран лаңкестердің көзін толығымен жойып, лаңкестердің демеушілерінің, әсіресе сионистік режимнің бетін қайтару үшін Сирияда қалады",- деді.
-
Иран саудиялық коалицияның йемендік әскери емес халыққа қарсы шабуылдарының жалғасуын айыптады
Шіл 04, 2018 10:06Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы жазықсыз йемендіктердің қаза болуы мен жарақат алуына себеп болған саудиялық коалицияның әскери ұшақтарының Йеменнің Сааде облысындағы үйлену тойына жасаған шабуылын айыптады.
-
Иран Сауд Арабиясы мен БАӘ қырғи ұшақтарының Йеменнің бейкүнә халқына қарсы шабуылдарын күшейтуін айыптады
Маусым 27, 2018 10:06Иран СІМ Ақпарат хатшысы Сауд Арабиясы мен БАӘ қырғи ұшақтарының соңғы күндері Йеменнің түрлі қалаларындағы әскери емес нысандарға жасаған шабуылдарын айыптады.
-
Йеменнің зымырандық бірліктерінің шабуылдары Риядтың қорқынышына себеп болды
Маусым 25, 2018 11:29Саудиялық коалицияның әл-Ходейдағы жан-жақты соғысы жалғасып отырған жағдайда Йеменнің зымырандық бірліктері мен халықтық комитеттері жексенбі күні Риядта орналасқан Сауд Арабиясы Қорғаныс министрлігінің ақпарат орталығы мен патшаның қарамағындағы бірнеше орталықты зымырандық шаубылдың нысанына алды.
-
Әл-Ходейда айлағының басшылары айлақтың қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқанын хабарлады
Маусым 20, 2018 03:38Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің жалдамалылары АҚШ, Ұлыбритания мен Франция әскерилерінің тікелей қолдауымен өткен сәрсенбіден бастап Йеменнің әл-Ходейда айлағын басып алу амалдарын бастады.
-
БҰҰ-ның бірқатар қызметкері Йеменге оралды
Маусым 18, 2018 10:01Йемендегі мемлекеттік ақпарат көздері Йеменнің батысындағы әл-Ходейда айлағындағы БҰҰ кеңселерінің жұмысын қайта жалғастыру мақсатында осы ұйымның бес қызметкерінің оралғанын хабарлады.