-
Газада мыңдаған босқындар мен жараланғандар шұғыл медициналық көмек күтуде
Қаз 24, 2023 21:13Сионистік режим халықаралық қысым астында ұзақ мерзімді тексерулерден кейін Газаға шектеулі гуманитарлық көмек жіберуге келіскенімен, жіберілген көмек саны мен сапасы жағынан Газа халқының ауқымды қажеттіліктеріне жауап бермеді және жауап бермейді. Сондықтан сионистік режимнің тұрғын үйлер мен бейбіт тұрғындарға кең тараған шабуылдарынан туындаған адами апаттар, әсіресе осы режимнің шабуылдары әлі де жалғасып жатқандықтан, күн сайын кеңеюде.
-
Иран мен Оман сыртқы істер министрлері телефон арқылы ислам елдерінің Палестина халқына көмектесу жолдарын талқылады
Қаз 23, 2023 16:10Палестина халқын, әсіресе әйелдер мен балаларды өлтіруді дереу тоқтату, Газа секторының қоршауын дереу алып тастау және гуманитарлық көмек жіберу, сондай-ақ Газа секторы тұрғындарының күштеп көшуіне үзілді-кесілді қарсылық көрсету баса айтылған мәселелердің қатарында болды.
-
Ауғанстандағы жерсілкіністен зардап шеккендерге Иран халқынан төртінші көмек жіберілді
Қаз 22, 2023 19:16Иран халқынан Ауғанстандағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге төртінші көмек Хорасан Разавидің шығысындағы «Доғарун» шекарасынан жөнелтілді.
-
Иран мен Оман ислам елдерінің Палестина халқына үйлестірілген көмегін қуаттады
Қаз 22, 2023 16:25Иран мен Оманның Сыртқы істер министрлері Палестина халқына көмектесу үшін ислам елдерінің талпыныстары мен қозғалыстарын үйлестіруді қуаттады.
-
Газа секторының тұрғындарына гуманитарлық көмектің алғашқы легі 20 жүк көлігі Мысыр арқылы Рафах өткеліне кірді
Қаз 21, 2023 21:34Палестиналық жүк көліктері Газа секторына гуманитарлық көмек жүктерін тасымалдау үшін Рафах өткеліне кірді.
-
Қызыл жарты ай ұйымының алғашқы гуманитарлық көмегі Газаға жол тартты
Қаз 21, 2023 17:38Қызыл Жарты ай ұйымының басшысы Ираннан Газаға алғашқы көмек жөнелтілгенін хабарлады.
-
Газа халқының 60 пайыздан астамы босқынға айналды
Қаз 21, 2023 17:03БҰҰ Гуманитарлық істер басқармасы Газада шамамен 1,4 миллион адамның босқынға ұшырағанын және 544 мыңнан астам адамның Біріккен Ұлттар Ұйымының 147 апатты баспанасына орналастырылғанын хабарлады.
-
Палестинадағы жағдай халықаралық назар аударуды қажет етеді
Қаз 21, 2023 16:32Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі: «Кеңестің тез арада атысты тоқтату және Палестинадағы апатты гуманитарлық жағдайды шешуді талап ететін негізгі қарарды қабылдай алмауына қатты көңіліміз қалды",- деді.
-
Иран Сыртқы істер министрі: Сионистік режим Палестинаға қарсы лаңкестік әрекеттерін дереу тоқтатуы керек
Қаз 17, 2023 19:05Иран Сыртқы істер министрі Ирландияның Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесуінде: "Сионистік режим Палестинаға қарсы лаңкестік және жапай қыру әрекеттерін дереу тоқтатуы керек",- деді.
-
Қазақстан: ЭЫҰ Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарысты шешуде ынтымақтасуы керек
Қаз 12, 2023 20:57Қазақстанның Сыртқы істер министрі Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына (ЭЫҰ) мүше елдер Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарысты шешуде ынтымақтаса алатынын мәлімдеді.