Палестинадағы жағдай халықаралық назар аударуды қажет етеді
(last modified Sat, 21 Oct 2023 10:32:22 GMT )
Қаз 21, 2023 16:32 Asia/Almaty

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі: «Кеңестің тез арада атысты тоқтату және Палестинадағы апатты гуманитарлық жағдайды шешуді талап ететін негізгі қарарды қабылдай алмауына қатты көңіліміз қалды",- деді.

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Палестина жағдайының шұғыл халықаралық назар аударуды қажет ететінін айтып: "Палестиналықтар ондаған жылдар бойы Израиль режимінің басып алу, басқыншылық, кемсітушілік және апартеид саясатынан зардап шекті. Бүгін халықаралық қауымдастық Израиль режимінің Газа секторындағы Палестина халқына қарсы қылмыстары мен жаппай жазалауларының, әсіресе Әл-Ахли ауруханасына жасалған жантүршігерлік лаңкестік әрекеттеріне куә болып отыр",- деп мәлімдеді. Амир Саид Ирвани халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау тақырыбымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында: "Халықаралық гуманитарлық құқықты айқын бұза отырып, аурухананы қасақана нысанаға алу соғыс қылмысынан басқа ештеңе емес",- деп қуаттады.