-
Амир Абдуллахиан Иранның аумақтық тұтастығына құрметпен қарау керегі жайлы қытай тілінде пост жазды
Жел 12, 2022 14:57Иран Сыртқы істер министрі Твиттердегі жеке парақшасында Иранның аумақтық тұтастығына құрметпен қарау керегі жайлы қытай тілінде пост жазып: "Аумақтық тұтастықты сақтау мәселесінде ИИР ешкіммен мәймөңкелесіп тұрмайды",-деді.
-
Мохсени Ежеи: Иранның дос пен дұшпанға қатысты саясаты айқын
Жел 11, 2022 17:13Иранның Жоғары сот төрағасы бұл елдің дос пен дұшпанға қатысты саясаты айқын екенін айтып: "Иран дұшпандардың талаптарына көнбейді",-деді.
-
Теһрандағы Қытай елшісі Иран СІМ-не шақыртылды
Жел 11, 2022 17:02ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Парсы шығанағының ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер басшыларының 43-ші отырысының қорытынды мәлімдемесінде айтылған негізсіз уәждерді айыптап, мұндай мәлімдеме жасауды "Ираннан үркіту" атты жеңіліс тапқан саясатты қайталау деп атады.
-
Канани: Иранға жала жабу АҚШ-тың Йеменге басқыншылық саясатының аясында жасалып отыр
Жел 05, 2022 15:51ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Теңіз күштеріне қарасты бесінші флоттың Иранға қарсы уәждері туралы: "Иранға жала жабу АҚШ-тың Йеменге басқыншылық саясатының аясында жасалып отыр",-деді.
-
Иран Сыртқы істер министрі мен Сербия Премьер-министрі кездесті
Жел 05, 2022 15:06Иран Сыртқы істер министрі мен Сербия Премьер-министрі Белградта кездесіп, сұхбаттасты.
-
Иран мен Катар Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты
Жел 02, 2022 18:53Иран мен Катар Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасып, Катарда өтіп жатқан футбол чемпионаты жайлы сөйлесті.
-
Ирак Премьер-министрі Иранға ресми сапармен барады
Қар 28, 2022 19:47Ирак Премьер-министрі Мұхаммед Шоджа Судани жуырда жоғары мәртебелі саяси-экономикалық делегацияны бастап Теһранға барады. Ол премьер-министр лауазымында алғаш рет Иранға баратын болады. Ол бұған дейін Иордания мен Кувейт елдеріне сапар шекті. Сауд Арабиясы Мұхаммед Шоджа Судани Теһранға бармас бұрын Эр-Риядқа келуін қалап, оған шақыру хатын жіберді.
-
Иран Ақиқатты анықтау жөніндегі комиссиямен ешқандай әріптестік жасамайды
Қар 28, 2022 17:37Иран СІМ ақпарат хатшысы БҰҰ Адам құқығы кеңесінің Иранға қарсы қарарына реакциясында: "ИИР "Ақиқатты анықтау жөніндегі комиссия" деп аталатын саяси комиссиямен ешқандай әріптестік жасамайды",-деді.
-
Иран мен Еуразия арасында сауда айналымы 30 млрд долларға жетеді деп болжануда
Қар 27, 2022 15:34Иран СІМ-нің көпжақты сауда әріптестігі департаментінің директоры: "Иран мен Еуразия арасында сауда айналымы 30 млрд долларға жетеді",-деп болжам жасады.
-
Иран аймақтық және халықаралық әріптестікті дамытуға мүдделі
Қар 27, 2022 15:00Иран Сыртқы істер министрі Ислам Кеңесі Мәжілісінің Теһран үкіметінің Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылуына кесімді дауыс беруін аймақта әріптестікті дамытуға шынайы ерік-жігердің белгісі деп атады.