Иран аймақтық және халықаралық әріптестікті дамытуға мүдделі
Иран Сыртқы істер министрі Ислам Кеңесі Мәжілісінің Теһран үкіметінің Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылуына кесімді дауыс беруін аймақта әріптестікті дамытуға шынайы ерік-жігердің белгісі деп атады.
Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісі жексенбі күні ашық жиналыста ИИР-дың Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылу туралы заң жобасын қарастырып, 205 депутаттың оң дауысымен бекітті.
Амир Абдуллахиан Твиттердегі жеке парақшасында: "Ислам Кеңесі Мәжілісінің елдің Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылуына кесімді дауыс беруі Теһран үкіметінің аймақтық және халықаралық сахналарда экономикалық әріптестікті дамытуға және Азияға көзқарасын нығайтуға шынайы ерік-жігер білдіріп отырғанын көрсетеді",-деп жазды.
Иран Сыртқы істер министрі: "Көпжақты қатынас – қазіргі заманның шындығы",-деді.