Имам Хомейнидің қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасын «Құдс күні» деп атауынан бері 41 жыл өтті.
Иран Сыртқы істер министрлігі сионистік режимнің террордан туындағанын, сол кезден Палестина халқының мыңдаған азаматын, соның ішінде әйгілі араб тұлғалары мен ирандық ғалымдарды террор еткенін мәлімдеді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «АҚШ-тың қазіргі үкіметі әлемдік жүйені бұзып, анархия орнатуды көздеп отыр. Бұл дүние жүзіндегі мемлекеттер мен халықтар үшін қатер дабылы болуы тиіс»,-деді.
Иран Сот органының басшысы АҚШ пен сионистік режимнің аймақтағы бүлдіргі әрекеттеріне тоқталып, Құдстың азаттығын Ислам үмбетінің басты басымдығы деп атады.
Исламдық Иранның үстемшілдікке қарсы халқы бүгін, жұма күні Дүниежүзілік Құдс күніне арналған шеруге жаппай қатысып, Палестина халқын қолдап, Құдсты басып алған режимнің қылмыстарына жиіркенішін жариялады.
Құмдағы ірі діни үлгілер аятолла Насер Макарем Ширази, аятолла Хосейн Нури Хамадани, аятолла Джафар Собхани мен аятолла Мұхаммадәли Алави Горгани баршаны Құдс күнгі шеруге жаппай қатысуға шақырды.
Иранның Исламдық үгіт-насихат кеңесінің Құдс және интефаза штабының басшысы биыл Дүниежүзілік Құдс күніне арналған шерулердің исламдық Иранның 950 қаласында өтететіні туралы хабарлады.
Нью-Йорктегі бір топ сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы жасаған қылмыстарына наразылық білдіріп, шеруге шықты.
Дүниежүзілік Құдс күні шеруінің қорытынды мәлімдемесінде Құдс Шәріпті азат ету мен Палестинаның мазлұм әрі қорғансыз халқын сионист басқыншылардың үстемдігінен босату және Иран ислам революциясының асқақ армандарының қатарына жататын «Израиль» атты қатерлі ісікті жоюға талпыныс жасау баса айтылды.
Теһран жұма намазының имамы: "ИИР зымырандық қуатын қорғап, қалағанынша зымыран жасап, оның ұшу қашықтығын арттырады",- деді.