-
Сионистердің Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылына Қазақстан Сыртқы істер министрлігі реакция білдірді
Сәу 11, 2023 15:25Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сионистік режимнің әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылына реакция білдірді.
-
Сейіт Хасан Насролла халықты Дүниежүзілік Құдс күніне орай өтетін шеруге жаппай қатысуға шақырды
Сәу 08, 2023 18:35Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла Палестина мен аймақ халықтарының Бейт ул-Мұқаддас пен әл-Ақса мешітін қорғау жолындағы талпынысының бір бөлігі ретінде барша мұсылманды Дүниежүзілік Құдс күніне орай өтетін шеруге жаппай қатысуға шақырды.
-
Хамас: Сионистік режимнің қылмыстары бүкіл аймақты отқа орайды
Сәу 08, 2023 18:12Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының баспасөз өкілі сионистік режимнің әл-Ақса мешітіне басқыншылығы мен қылмыстары жалғаса беретін болса, бүкіл аймақтың отқа орануына себеп болатынын айтты.
-
Палестинадағы жағдайды қарау үшін сенбі күні Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының шұғыл отырысы өтеді
Сәу 07, 2023 14:20Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы осы ұйымға мүше елдердің Израиль басқыншылығының әл-Ақса мешітіне қарсы агрессиясына қатысты сенбі күні шұғыл жиналыс өткізетінін хабарлады.
-
Әл-Ақса мешітінде сионистік басқыншылар мен намаз оқушы адамдар арасындағы қақтығыс
Сәу 07, 2023 14:15Басқыншы сионистік күштер бүгін (жұма) таңертең Баб әл-Мағраба бағытынан әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады және осы шабуылдан кейін олар мен әл-Ақса мешітінде намаз оқушы және ораза тұтушы адамдар арасында қақтығыстар болды.
-
Сардар Шариф: Сионистер әл-Ақса мешітінде қылмыс жасау арқылы өздерін құтқара алмайды
Сәу 07, 2023 14:14Интифаза және Құдс штабының басшысы: «Балаларды өлтіретін режимнің күйреуі анық және сионистер бірінен соң бірі қылмыс жасау арқылы өздерін құтқара алмайды»,- деді.
-
Амир Абдуллахиан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының шұғыл отырысын өткізуді ұсынды
Сәу 07, 2023 14:00Иран Сыртқы істер министрі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Бас хатшысымен телефон арқылы сөйлесуінде сионистік режимнің жуырда Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылына байланысты шұғыл отырыс өткізуді ұсынды.
-
Раиси: Палестина халқының құқықтарын қолдау өзгермейді
Сәу 07, 2023 13:58ИИР Президенті: «Палестина халқының құқықтарын қолдау және сионистік режиммен күресу – сионистік режимнің басқыншылықтары мен қылмыстарына қарсы тұру үшін ислам үмбетінің қалыптасуы мен ислам әлемінің бірлігі жолындағы өзгермейтін қағида»,- деп мәлімдеді.
-
Исламды насихаттау кеңесі: Әл-Ақса мешітіне шабуыл – жаңа интифазадан қорыққанның белгісі
Сәу 06, 2023 15:11Иранның Исламды насихаттау кеңесі Әл-Ақса мешітіне жасалған қылмысты айыптады.
-
Әл-Ақса мешітіндегі тауарих намазына 35 мыңнан аса палестиналық қатысты
Нау 31, 2023 16:56Басып алынған Құдс қаласындағы Әл-Ақса мешітіндегі тауарих намазына 35 мыңнан аса палестиналық қатысты.