Әл-Ақса мешітінде сионистік басқыншылар мен намаз оқушы адамдар арасындағы қақтығыс
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i68866-Әл_Ақса_мешітінде_сионистік_басқыншылар_мен_намаз_оқушы_адамдар_арасындағы_қақтығыс
Басқыншы сионистік күштер бүгін (жұма) таңертең Баб әл-Мағраба бағытынан әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады және осы шабуылдан кейін олар мен әл-Ақса мешітінде  намаз оқушы және ораза тұтушы адамдар арасында қақтығыстар болды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 07, 2023 17:45 Asia/Almaty

Басқыншы сионистік күштер бүгін (жұма) таңертең Баб әл-Мағраба бағытынан әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады және осы шабуылдан кейін олар мен әл-Ақса мешітінде  намаз оқушы және ораза тұтушы адамдар арасында қақтығыстар болды.

Басқыншы күштердің шабуылы туралы жарияланған видеода басқыншы күштердің басып алынған көне Құдс аймағының жастарына аяусыз шабуыл жасап, оларды ұрып-соққаны көрінеді. Сионистік басқыншы күштер басып алынған көне Құдс аймағындағы Баб Хата маңындағы намазға қатысушыларға  шабуыл жасап, қасиетті Рамазан айының үшінші жұмасында таң намазы үшін әл-Ақса мешітіне кіруіне кедергі жасауға тырысты.