Иранның Гиркани ормандары ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне тіркелді
2019 жылдың 5 шілдесіндегі Баку қаласында әлемнің 180 елі өкілінің қатысуымен өткен Әлемдік мұра комитетінің 43-ші отырысында көпшілік дауыспен Иранның Гиркани ормандары бұл елдің екінші табиғи ірі мұрасы ретінде әлемдік мұралар тізіміне тіркелді.
ЮНЕСКО-ның Ирандағы ұлттық комиссиясыынң Бас хатшысы Гиркани ормандары тіркелген соң: «ЮНЕСКО Иранның тарихи және табиғи мұраларының жаһандық болуларын 24-ші рет атап өтті»,- деді. Бұл ормандар ЮНЕСКО-ның табиғи мұраларының критерийлері болып табылатын «Экологиялық процесстер дәйектілігі мен эволюциясы» деген «9» критерийі негізі бойынша табиғи мұра ретінде тіркелді. Иранның Гиркани орамандары (Каспий маңындағы аралас ормандар) өзінің қырық миллион жасымен әлемдегі ең құнды ормандар саналады. Бұл орман «әлемнің табиғи мұражайы» деп аталады.
Ұзындығы 800 км және ені 110 километрлік Гиркани ормандары Альборз тауларының солтүстік беткейінде теңіз деңгейінен шекараға дейін созылды. Бұл орман аймағының бүкіл көлемі шамамен екі миллион гектарға тең. Олар Иран жерінің 1,1 пайызын құрайды. Бұл орман Иранның бес солтүстік облысы, атап айтқанда Гүлістан, Гилан, Мазандаран, Семнан және Солтүстік Хорасан облыстарында, сондай-ақ шамалы бөлімі Әзірбайжан республикасында орналасты. Нақты айтқанда бұл орманның 2 миллион гектары Иран және 20000 гектары Әзірбайжан жерінен өтеді.
Гиркани ормандары үшінші мұз дәуірінен қалған ормандар болып табылады. Сол кезде бұл ормандар Еуропа мен Сібірдің көптеген жерлерінде болған, алайда ұзақ аяздардың салдарынан жоғалып кетті, осы уақытқа дейін бұл ормандардың тек қалдықтары сақталған. Иранның Гиркан ормандары Каспий теңізінің жағалауындағы қоңыржай қалыпты климаттың арқасында аман қалды. 2500 жыл бұрынғы Ахеменидтер дәуірінен қалған бұл ормандардың қалдықтары «варкани» деп аталып, бұл орманның жасын білдіреді. «Гиркан» деген сөз негізінде «Горган» сөзінің грек формасы. Еуропалықтар бұрын Горганды «Гиркан» деп атаған. Гиркан Семнан мен Мазандаранның бөлімдері мен олардың іргелес аумақтарына жайылып, ежелде Гиркани деп аталды. Бұл термин кейін «Горган» деген сөзге айналып, бұл аймаққа Горган жазығы, Горгани шығанағы және Иранның солтүстік-шығыс аймақтары кіретін болды. Шын мәнінде Гиркани ормандары дәл осы аймақ пен Горганның көне атауы деп айтуға болады.
Бұл орманның 5 жері, соның ішінде Гүлістан ұлттық паркі, Шахруд орманы, Джаваназ қорғаны мен Була қорығы көптеген жылдар бойы Дүниежүзілік мұра тізіміне тіркелу сайттарында орналасып, Иран Ислам Республикасында мемлекеттік қорғауға ие болды. Иранмен ұсынылған аудандарды негізгі және буферлі аймақтарға бөлуге болады. Негізгі аймақтарда кез келген басқыншылық әрекеттеріне тыйым салынады, ал буферлі аймақтарда қаатң тыйым салынбаған. Бұл аймақтың ең әдемі пейзаждардың бірі - «Бұлтты орман» деп аталатын аймақ. «Бұлтты орман» деп таулардың қалыңдығы төмендеп, олардың үстінен бұлттар ормандарға қарай келіп қысымның айырмашылығы себебінен адам өзің бұлттың үстінде жүріп келе жатқандай сезінуіне байланысты айтылды.
Биологиялық тұрғыдан Ирандағы Гиркан ормандары әлемдегі ең сирек кездесетін ормандар түрлері болып табылады. Бұл ормандарда жабайы тал-ағаштары мен өсімдіктердің 150 түрі, сүтқоректілердің 98 түрі, құстардың 298 түрі, балықтардың 67 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 29 түрі және амфибияның 9 түрін кездестіруге болады. Гиркан орманының алуандығы қоныс аударатын құстар үшін маңызды халықаралық нысан болып табылады. Сондай-ақ бұл орманда қараторғай, қырғауыл, шіл, бөдене, әртүрлі көгершіндір, қаршыға, сұңқар, қыран, үкі және басқа әртүрлі құстар өмір сүреді.
Иранның Гиркани ормандарында өсімдіктер түрлілігі де анық байқалады. Жазық жерлері мен төмендіктерінде емен, шамшат, қандыағаш пен інжір ағашы, сондай-ақ. орта беткейлерде емен және інжір, ал биіктікте шамшат ағаштары өседі. Қызылқайын, үйеңкі, шегіршін, жабайы шие ағашы, шетен, шілік – Гиркан ормандарында өсетін басқа ағаштар. Бұл ормандардағы бұталар арасында долана, көкжидек, жабайы зәйтүн, анар, жабайы алма бұталарын көруге болады. Бұл орман алқабының Иранның Шығыс Әзірбайжан мен елдің батысындағы Арасбаран аймағындағы көрінісінде айырмашылық байқалады. Кейбір орман танушылар ирандық ормандардың ішінде «Арасбаран ормандары» деген атауды қолданады.
Үнемі көгеріп тұратын шілік бұта ағаш Гиркани ормандарында ең көп кездесетін ағаштардың бірі. Шілік орманы әлемде сирек кездеседі. Бірақ Гүлістан облысының Әлиабад аймағында 400 гектар жерге жайылып, алқаб түрінде өседі. Бұл ағаш обыр аурыуның кейбір түрлерін емдеу үшін қолданылады. Ғалымдардың айтуынша, бұл аймақты ғылыми зерттеулер саласында пайдалану керек. Әрине шілік бұта-ағаштар басқа елдерде өсуі мүмкін, бірақ Ирандағы көлемде шілік алқабы сирек кездеседі. Сиаз рудбар Афрахте сынды кейбір аймақтарда қарапайым адамдарға шілік алқабына кіруге тыйым салынды.
Гиркани ормандары Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры мойындаған әлемнің 200 экологикалық құнды аймағының бірі болып табылады. Бұл орманда ең сирек кездесетін аңдардың бірі - Иран барысы мекендейтін орын болып табылады. Кезінде бұл орманда Ирандағы ең ірі жыртқыш саналатын Мазандаран жолбарысы мекендеді. Бірақ, өкінішке орай, ол 20 жыл бұрын толығымен жойылды. Осы кезде Гиркани ормандарына жыртқыштардың басқа түрлері - сілеусін, қоңыр аюы, қасқыр, қорқау қасқыр, орман мысықтарының бірнеше түрі, бұғы, қара түлкі өмір сүреді. Гиркани ормандарының Амоль аймағында Каспий жылқылары мекендейді.
Гиркани ормандары шамамен 12 жыл бұрын ЮНЕСКО тізіміне уақытша тіркелді. Кейін қажет жұмыстары жасалынып, 2019 жылы зерттелді.. Бұл зерттеулерден кейін, өткен күзде ЮНЕСКО Гиркани орманың аралау үшін Иранға келді. Оның нәтижесінде Лут даласынан кейін Иранның екінші табиғи мұрасы ретінде Гиркани ормандары дүниежүзілік тізімге тіркеліп, бұл ормандардың атауы әлемнің бүкіл тілдерінде және бүкіл сайттарында жарияланды. Бұл ормандарға "Еуропаның ормандарының анасы" деп де айтылады. Гиркани орманы жаһандық экожүйесі тұрғысынан да маңызды болып саналады. Сондықтан бұл ормандардың Иран мен әлемнің экожүйесі мен келешегіне тигізетін әсерін теріске шығаруға болмайды. Аймақ әлемдік тізімге тіркелген соң 1972 жылдың протоколы бойынша, оны қорғау бүкіл әлемдіктердің міндетіне айналады. Бұл мәселе аталмыш ормандардың әлемдік маңыздылығын білдіреді.