Ресей АҚШ-қа Еуропа мен Азияда зымыран орнатуы жөнінде ескерту жасады
(last modified Tue, 18 Feb 2020 15:45:49 GMT )
Ақп 18, 2020 21:45 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ-қа Еуропа мен Азияда зымыран орнатуы жөнінде ескерту жасады

АҚШ Президенті Дональд Трамп халықаралық, оның ішінде қару және қауіпсіздік келісімдерден шығу саясатын ұстануда.

 

Трамп үкіметі 2019 жылдың 2 тамызында Орта және жақын қашықтық ядролық зымырандарға тыйым салу келісімінен (INF) біржақты шығып, осы кезде бұл келісіммен тыйым салынған зымырандық сынақтарды қайта жүргізуді бастады. Бұл мәселе қаруды бақылауға алуға себеп болған бұл келісімнің екінші жағы Ресейді алаңдатты. Мәскеу басшыларының Вашингтонның зымырандық түрткі әрекеттері жөніндегі ескертулерінің жалғасында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-қа зымырандарын Еуропа мен Азияда орнатуының салдарлары туралы ескерту жасады. Лавров АҚШ-тың INF келісімінен шығуын сынап: "АҚШ бұл келісімді жойып, осы кезде белсенді түрде Еуропа мен Азияда қаруларын орнатуға талпынуда. Осы кезде олар бұл  тақырыпты жасырмайды",- деді. АҚШ INF келісімнен шыққаннан кейін Ресей де ұқсас әрекеттеніп, аталмыш келісімнен шықты. АҚШ INF келісімнен шыққан соң, іс жүзінде қанатты және қысқа қашықтық  баллистикалық зымырандары сынағын бастады. Вашингтонның мақсаты Ресейді ұқсас үдеріске енуге мәжбүрлеу. Сондықтан Вашингтон Ресейдің экономикасын әлсірету үшін жаңа қару сайысын бастады. Мәскеу бұл торға түспейтінін қуаттады. Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков: "Біз қару-жарақ сайысына түспейміз",- деді. Мәскеу Вашингтонмен қару-жарақ келісім жөнінде келіссөздер жүргізуіне дайын екенін жариялағанымен, Ресей басшылары АҚШ-тың зымырандық және ядролық әрекетіне жауап қайтару қажеттілігін қуаттады.   Ресей Федерациясы кеңесінің қорғаныс және қауіпсздік комитетінің басшысы Виктор Бондарев: "Егер  АҚШ орта қашықтық ракеталарды шығарып, оларды орнатуға талпынатын болса, Мәскеуде алты айдың ішінде мұндай зымырандарды жасап шығарады. Расында Мәскеу АҚШ-тың негізгі зымырандық және ядролық бақталасы ретінде Вашингтонның әрекеттерін реакция білдіріп, өзінің жаңа зымырандық бағдарламасын дамытып, АҚШ-пен теңгерімін сақтауға талпынуда. 

Ресей Президенті Владимир Путин АҚШ-тың зымырандық сынақтарынан кейі, елінің қарулы күштеріне  Вашингтонның бұл әрекетін қарастырып, ұқсас реакция білдіруге дайын болуды бұйырды.  Ресей Президентінің пікірінше, АҚШ зымырандық сынағы бұл елдің бірақ уақыт бұрын  INF келісімінен  шығуды көздегенін көрсетті. Ресей америкалықтар Мәскеуді INF келісімін бұзды деп айыптауына қарамастан Вашингтон біраздан бері жасырын түрде баллистикалық және қанатты зымырандарын  дамытып, осы кезде сынақтан өткізді деп санайды. Мәскеу осы кезде де қару-жарақты бақылауға алған келісімдерді сақтағысы келуде.                                                                                                                                                     

 

Тегтер