Маусым 26, 2016 14:30 Asia/Almaty
  • Әл-Ақса мешітінің имамы палестиналықтарды осы мешітке жиналуға шақырды

Қасиетті рамазан айының соңғы жұмасы - әлемдік Құдс күнінің жақындауымен тұспа-тұс Әл-Ақса мешітінің имамы палестиналықтарды осы мешіт пен басып алынған Құдс қаласында жиналуға шақырды.

«Тасним» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әл -Ақса мешіті мен исламдық Оуқаф кеңсесінің бас директоры Изам әл-Хатиб палестиналықтарды әл-Ақса мешітіне жиналуға шақырып, Құдсқа сапар шегіп, сол қаланың тұрғындарының табандылығын қолдауды ұлттық міндет деп қуаттап: «Әл-Ақса мешіті мен Құдсты зиярат ету - ұлттық міндет, өйткені бұл араб, палестиналық және исламдық қалалардың бірі. Бұл қаланың тұрғындарының табандылығын қолдап, олардың жалғыз еместігін қуаттау қажет іс",- деді.

Тегтер