Ливанда лаңкестік жарылыс орын алды
Ливанның шығысындағы Бақае аймағындағы лаңкестік шабуылдардың салдарынан 6 адам қаза болып, 13 адам жарақат алды.
«Әл-Минар» телеарнасының мәліметіне сәйкес, бүгін, дүйсенбі күні таңертең Ливанның шығысындағы Бақае аймағындағы әл-Қае ауылының қауіпсіздік орталығына жақын жерде орын алған төрт лаңкестік шабуылдың салдарынан 6 адам қаза болып, 13 адам жарақат алған. Лаңкестік шабуылдың егжей-тегжейі хабарланған жоқ.
Кейбір Батыс және араб үкіметтері қолдап отырған тәкфірліктердің өткен екі жылда Сириядан Ливанға ауысуларына байланысты Ливанның әртүрлі аймақтары сан рет лаңкестік шабуылдардың куәсі болды. Ливанның Премьер-министрі Таммам Салам осыдан біраз уақыт бұрын елдегі лаңкестік шабуылдардың мақсатын халық пен саяси топтардың арасында қайшылық тудыру деп атап, Ливанның дұшпандары елдің тұрақтылығына соққы беруді көздейтінін айтқан болатын.