Ыстамбұлдағы лаңкестік жарылысында бір ирандық қаза болып, бес ирандық жараланды
Иран СІМ- нің консулдық, мәжіліс және шетелдегі ирандықтар ісі бойынша орынбасары өткен түні Түркияның Ыстамбұл қаласында орын алған лаңкестік оқиғада бір ирандықтың қазаға ұшырағанын хабарлады.
Иран СІМ- нің консулдық, мәжіліс және шетелдегі ирандықтар істері бойынша орынбасары Хасан Қашқави: «Ыстамбұлдағы Иран ислам республикасының бас консулдығы жариялаған соңғы мәліметтер бойынша Ататүрк әуежайында болған лаңкестік оқиғада 5 ирандық жараланды. Солардың біреуінің халы мүшкіл» деді.
Сейсенбі күні кешке Ыстамбұлдағы Ататүрк әуежайында болған лаңкестік жарылыстарда қазірге дейін 41 адам қаза болып, 239 адам жараланған. Әзірше ешбір топ немесе еш адам осы оқиғаның жауапкершілігін мойнына алған жоқ.