Сауд әулетінің біліксіздігінен Умра қажылығында төтенше оқиға орын алды
Сауд әулетінің Умра қажылығына барғандар үшін қауіпсіздік орнатудағы біліксіздігі зияратшылардың өлімі мен жаралануына соқтырды.
Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА- ның жексенбі күні Сауд Арабиясының «әл- Мәдина» газетіне сілтеме жасап хабарлауынша, «эр-Рияд-Таиф» бағытында қажылар отырған бір автобустың жол апатына ұшырауы салдарынан 13 қажы қаза болып, 40 кісі жараланған. Осы оқиға барысында өлгендер мен жараланғандардың арасында бірнеше әйел мен бала да бар.
Таиф денсаулық сақтау мекемесінің ресми ақпарат өкілі Абдолхади әр-Рабиғи осы оқиға барысында 10 адамның оқиға орнында, үш адамның ауруханада жан тапсырғанын, оқиға орнына жақын маңдағы ауруханаларда төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеді.
Мекке аймағындағы төтенше жағдайлар және дағдарыстар басқармасы да Меккедегі қауіпсіздік амалдары ұлттық орталығының мәліметіне сүйеніп, әл-Харам мешітінде адам кептелісі оқиғасының орын алғаны туралы, соның салдарынан 18 қажының жұма күні түстен кейін осы мешіттің ауласында тұншығып қалғанын хабарлады.