Шіл 10, 2016 14:11 Asia/Almaty
  • Сионистік қалашықтың бір тұрғыны жарақат алды

Палестиналық көздер Йордан өзенінің батыс жағалауындағы атыс салдарынан сионистік қалашықтың бір тұрғынының жараланғаны туралы хабарлады.

«Меһр» ақпарат агенттігінің Palestine Al Yawm агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Йордан өзенінің батыс жағалауындағы әл-Халилдің солтүстігіндегі Бейт-Лахам қаласында орын алған атыс салдарынан сионистік қалашықтың бір тұрғыны жарақат алған.

Сионистік көздердің хабарлауы бойынша, қалашық тұрғыны өз көлігімен кетіп бара жатқан кезде басқа бір көлік тарапынан нысанаға алынған.

Сионистік әскерилер әл-Халилдің шығысындағы Саир аймағындағы әрекетке реакция білдіріп, шабуыл жасады. Палестиналық жастар мен басқыншы әскерилердің арасындағы қақтығыстарда бірнеше палестиналық жарақат алды.

Сионистер палестиналықтардың алдынан Саир аймағына баратын жолды жауып, оларға қарай бомба атты.

Басқа жақтан сионистік ақпарат көздер Тель-Авивке жақын Холон аймағында суық қару арқылы әрекеттің іске асырылғаны туралы хабарлады.

Өткен жылдың қазан айынан бері орын алып жатқан қарсыласу әрекеттерінде 40-тан астам әскери мен сионистік қалашық тұрғыны өлді.

Тегтер