Иран Каземинде болған лаңкестік жарылысты айыптады
(last modified Mon, 25 Jul 2016 10:41:29 GMT )
Шіл 25, 2016 16:41 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ирактың Каземин қаласында болған лаңкестік жарылысты айыптап, осы елдің халқы мен үкіметіне көңіл айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы әрі ақпараттық және қоғамдық дипломатия орталығының басшысы Бахрам Ғасеми жексенбі күні Ирактың астанасы Бағдадтың солтүстігіндегі Каземин қаласында болған лаңкестік жарылысты айыптады. Жарылыс салдарынан осы елдің ондаған жазықсыз азаматы қаза болып, жараланды.

Ғасеми Ирак халқы мен үкіметіне, әсіресе осы лаңкестік қылмыста құрбан болғандардың жанұяларына көңіл айтып, халықаралық қауымдастықтың Ирак үкіметі мен халқына лаңкестік және тәкфирлік топтармен күресте әсерлі түрде қолдау көрсетуі қажеттігін қуаттады.  

Ирактың қауіпсіздік және медициналық көздерінің кешегі мәліметтері  бойынша, Каземин қаласына кіре берістегі қауіпсіздік аймағында болған лаңкестік жарылыста 21 адам қаза тауып, 35 адам жарақат алды.

Жарылыс жауапкершілігін ДАИШ лаңкестік тобы өз мойнына алды.

Тегтер