Сирияның солтүстік-шығысында лаңкестік жарылыс болды
Шіл 27, 2016 22:29 Asia/Almaty
Сирияның Қамышлы қаласында болған екі бірдей лаңкестік жарылыстан екі жүзден астам адам қаза болып, жараланды.
Сәрсенбі күні таңертең күрдтер тұратын Қамышлы қаласының батысында күрд күштерінің штаб-пәтерінің маңында орын алған екі бірдей лаңкестік жарылыстан 44 адам қаза болып, 170 кісі жараланды. ДАИШ лаңкестік тобы осы жарылыстардың жауапкершілігін өз мойнына алды. Халебтің шығысында лаңкестік топтар туннельдер мен opлapда тығылып отыр. Сирия армиясы шабуылдарды күшейту арқылы осы елде лаңкестердің құзырын жойып, олардың Түркия шекараларынан кіруінің алдын алуға талпыныс жасауда.