Сирияның Хомс облысында екі жарылыс болды
Сирияның орталығындағы Хомс облысында бір мезгілде орын алған екі жарылыс салдарынан кемінде 20 адам қаза тапты.
Сирия ақпарат агенттігі САНА- ның хабарлауы бойынша, жексенбі күні Хомс қаласының «әз- Заһра» аймағындағы «әс- Сетин» көшесінде автобус жүретін жолда бір мезгілде екі жарылыс орын алып, кемінде сириялық 20 азамат қаза тауып, шамамен 30 адам жараланған.
Мұнымен қатар «ән- Носрат майданы» лаңкестік тобы мүшелерінің Сирияның солтүстігінде Алеппо қаласындағы «әш- Шейх Мақсұт» ауданына жасаған шабуылдарында кемінде 6 әскери емес сириялық қазаға ұшырап, 70 адам жараланды.
Түркия армиясының Сирияның солтүстігіндегі елді мекендерге жасаған толассыз шабуылдары да Алеппоның солтүстік-батысы маңындағы «Хаммам» ауылында үш бейбіт азаматтың жаралануына соқтырды. Түркия Алеппоның маңында өзі қолдап отырған лаңкестік топтардың үсті-үстіне ауыр жеңіліске ұшырауына байланысты Сирияның халықтық күрд күштерінің тұрғыларына оқ жаудырып жатыр.