Там 05, 2016 17:08 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі «al-Mayadeen» телеарнасына сұхбат берді

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: «Ядролық мәселеде Иранның қолы байлаулы емес. Ол өз мүддесіне сәйкес әрекет етеді»,-деп қуаттады.

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі әрі Иранның стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Әлиакбар Велаяти «al-Mayadeen» телеарнасына берген сұхбатында: «Батыс елдері, әсіресе АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындауда уәделерін бұзғанына қарамастан, бұған қатысты Иранның қолы байлаулы емес. Қажет болған жағдайда ол өз мүддесіне сай әрекет етеді»,-деді.

Велаяти Түркиядағы төңкеріс жайында: «Түркиядағы төңкерістің ең қызық тұсы мынада:  сырттай Түркияның одақтасы саналған кейбір елдер төңкерісті айыптамақ түгілі, соңғы сәттерге дейін төңкерісшілердің жеңіске жетуіне күш салды, тіпті төңкеріс жеңіліс тапқанда «al-Arabia» телеарнасы «Өкінішке орай, Түркияда төңкеріс жеңіліс тапты» деп хабаралады»,-деді.  

Велаяти Сауд Арабиясы мен сионистік режимнің қарым-қатынасы жөнінде: «Қағбаның кілтін ұстаушылардың исламның қас жауына жалынуы өкініш тудырады. Бұл режим мұсылмандармен жауласып, олардың жерлерін басып алуда ешбір тәсілден бас тартпады. Сауд Арабиясы осындай режиммен байланыс орнатып, мұсылмандардың қаражатына бомба жасап, йемендік балаларының үстіне тастайды»,-деді.

Тегтер