Гүленді қолдаушы 60 адам ПКК- ға қосылды деген ақпарат теріске шығарылды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i12568-Гүленді_қолдаушы_60_адам_ПКК_ға_қосылды_деген_ақпарат_теріске_шығарылды
Түркия армиясының дереккөздері Фетхуллаһ Гүлен жетекшілігіндегі «Hizmet» қозғалысын қолдаушы 60 адам осы елдің Күрдістан жұмысшылар партиясына қосылды деген жарияланған хабарларды жоққа шығарды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 09, 2016 22:35 Asia/Almaty
  • Гүленді қолдаушы 60 адам ПКК- ға қосылды деген ақпарат теріске шығарылды

Түркия армиясының дереккөздері Фетхуллаһ Гүлен жетекшілігіндегі «Hizmet» қозғалысын қолдаушы 60 адам осы елдің Күрдістан жұмысшылар партиясына қосылды деген жарияланған хабарларды жоққа шығарды.

Түркия армиясы штабының дереккөздері осы тақырыптың Түркияның Барлау ұйымдары тарапынан қаралғанына сілтеме жасап: "«Hizmet» қозғалысын жақтаушы әрі сәтсіз әскери төңкеріске қатысқан 60 адам Ирактың солтүстігіндегі ПКК- нің базаларын паналады деген сөздер дұрыс емес" деп қуаттады. Түркияның Қорғаныс министрі Фикри Исик те осыдан бұрын осы елдегі сәтсіз әскери төңкерістен кейін кемінде 288 әскери қашып кетті деп мәлімдеген болатын.