Там 10, 2016 15:26 Asia/Almaty

ДАИШ лаңкестік тобы өзінің маңызды құжаттарын Ирактың солтүстігіндегі Мосулдан Сирияның солтүстігіндегі Ракка қаласына тасымалдады.

«Alsumaria News» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Ирактың солтүстігіндегі Нейнава облысының бір қауіпсіздік қызметкері сейсенбі күні: «ДАИШ осы топтың мүшелері мен карталарына қатысты мәліметтерден тұратын өзінің маңызды құжаттарын Ирактың  Мосул қаласынан Сирияның Ракка қаласына тасымалдады»,-деп хабарлады.

Есімінің аталмауын сұраған бұл ирактық қауіпсіздік қызметкері, сондай-ақ: «Ирак әуе күштерінің ДАИШ-тың базаларын бомбалауы барысында осы топтың ең үлкен басшылары өлтірілгеннен кейін бұл топ өзінің негізгі резиденцияларының бірқатарын Мосул қаласындағы құпия үйлерге ауыстырды»,-деді.

Тегтер