Иран Ирактың Күрдістан аймағы арасындағы ортақ шекаралардың тұрақты қауіпсіздігін маңызды санайды
(last modified Mon, 15 Aug 2016 10:53:00 GMT )
Там 15, 2016 16:53 Asia/Almaty
  • Иран Ирактың Күрдістан аймағы арасындағы ортақ шекаралардың тұрақты қауіпсіздігін маңызды санайды

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Ирактың Күрдістан аймағының ішкі істер кеңсесінің басшысымен кездесуінде: «Иран мен бұл аймақтың ортақ шекараларындағы революцияға қарсы әрекеттер аймақ пен аймақтың сыртындағы тыңшылық қызметтердің қолдауымен іске асырылуда" деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани  жексенбі күні Ирактың Күрдістан аймағының ішкі істер кеңсесінің басшысы Карим Санджаримен Теһрандағы кездесуінде шекаралардағы тұрақты қауіпсіздікті Иранның қызыл сызығы депатады. Шамхани Иран мен Ирактың күрд топтары арасындағы бауырластық пен сындарлы қарым-қатынастарының тарихына тоқталып: «Иранның  Ирак Күрдістанын қолдау үдерісі Бағдаттағы орталық үкіметтің стратегияларының негіздеріне сүйеніп, еш уақытта, тіпті ешбір дағдарыста үзілген жоқ, Бұл ұстаным өзгермейді»,- деп мәлімдеді.

Ирактың Күрдістан демократиялық партиясының саяси кеңсесінің мүшесі Карим Санджари бұл кездесуде Иранның Ирак Күрдістанына қауіпсіздік, саяси және экономика салаларында көрсетіп отырған қолдауларына ризалығын білдіріп: «Иран тарих бойында күрдтер үшін сенімді және адал дос болды. Иранмен баурластықты жалғастыру күрдтердің басты бағдары»,- деді.

 

 ИИР мен Ирактың Күрдістан аймағы арасында ортақ шекара мен мазхабаралық және ұлтаралық ортақ мәселелеріне байланысты жақсы қарым-қатынас орнатылған. Иран әрқашан өзіне шекаралас елдерге, әсіресе Иракқа достық ұстанымын білдіріп, қажетті жағдайда көршілеріне қолдау көрсетуден бас тартқан емес. Иранның Ирактың Күрдістан аймағымен шекара облыстары халықтарының  қарым-қатынастарын Теһран мен Ирбиль қарым-қатынастарынан байқауға болады. Тіл мен мәдениеттің ортақ болуына байланысты Иран мен Ирак Күрдістан аймағының арасында кең ауқымды әрі достық қарым-қатынас қалыптасқан. Сонымен бірге ортақ ерекшеліктер де Теһран мен Эрбиль қарым-қатынастарының кеңеюі мен Иран мен Ирактың Күрдістан аймағының саяси және экономикалық байланыстарының дамуына әсер етуімен бірге Бағдаттың орталық үкіметінің стратегиялары бойынша алға ілгерілеуде. Иранның негізгі саясаты Ирактың саяси және экономикалық структураларына белсенді қатысу үшін күрд топтарын біріктіру болып табылады. Осы саясатына орай ДАИШ лаңкестік тобы Нейнава облысының орталығы Мосулды басып алған соң Эрбиль мен Бағдатты басып алуды мақсат еткен кезде Иран еш ойланбастан Ирактағы күрд достары мен бұл елдің орталық үкіметіне көмектесуге асықты. Иран Иракты барлық топтары біріккен саяси біртұтас ел ретінде көргісі келеді. Иран осыған орай Эрбиль мен Бағдатты ДАИШ-тың қатерінен құтқарып, Ирактың территориялық біртұтастығын қорғау үшін саяси сахнаға кірді.

Иран қарсы жақтан да ұқсас іс-қимылды күтеді. Біртұтас Ирак пен Иранның дұшпандары ортақ шекараларды қауіпке тіреп, екі елдің достық қарым-қатынастарына ықпал етуді мақсат етуде. Мұндай жағдайда Ирактың Күрдістан аймағы басшыларының қырағылығы мен олардың шекаралардың тұрақты қауіпсіздігіне сезімталдықпен қарауы және бүлік тудырушыларға қарсы шара қолдануы  қажет. Ортақ шекараларда тұрақты қауіпсіздіктің орнатылуы Иран мен Ирактың Күрдістан аймағының мүдделерін қамтамасыз етеді.  

 

 

Тегтер