Иран Ирактың Кербала облысындағы лаңкестік жарылыстарды айыптады
(last modified Tue, 30 Aug 2016 09:01:46 GMT )
Там 30, 2016 15:01 Asia/Almaty
  • Иран Ирактың Кербала облысындағы лаңкестік жарылыстарды айыптады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ирактың Кербала облысындағы лаңкестік жарылыстарды айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні ДАИШ-тың тәкфирлік-лаңкестік тобы тарапынан Ирактың Кербала облысында жасалған лаңкестік жарылыстарды айыптап: «Лаңкестер Ирактағы өздерінің ең соңғы күндерін өткізіп жатыр»,-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ирактың үкіметі мен халқына және адамзатқа қарсы осы сұм оқиғада құрбан болғандардың жанұяларына тілектестік білдіріп: «Тәкфирлік лаңкестер Иракта өзінің соңғы күндерін өткізіп жатқан жағдайда жазықсыз халықты қырып жойып, осындай қылмыстар жасауда»,-деп мәлімдеді.

Бахрам Ғасеми осындай айуандық лаңкестік әрекеттерді лаңкестердің Ирактың армиясы мен халықтық күштерінен бірінен соң бірінің жеңілуіне реакциясы деп атап: «ИИР Ирактың үкіметі, армиясы, халқы мен халықтық күштерінің қолдауымен  Ирак пен аймақта лаңкестіктің сұм саясының тезірек жойылатындығына үміт білдіреді»,-деді.

 

Тегтер