Сирияның Манбидж қаласында әйелдерді жыныстық құлдықта ұстаған түрме табылды
Қыр 04, 2016 19:29 Asia/Almaty
Сирияның Манбидж қаласындағы ақпарат көздері осы қала ДАИШ лаңкестік тобынан азат етілгеннен кейін әйелдер жыныстық құлдықта болған түрменің суреттерін жариялады.
Күрд күштері Алеппо облысының солтүстік-шығысында ДАИШ лаңкестік тобының маңызды базаларының бірі болған Манбидж шекаралық қаласын азат еткеннен кейін әйелдердің жасырын түрмесін тапты. Бұл лаңкестік топ аталмыш түрмені әйелдерді азаптап, жыныстық тұрғыдан қолданып, күң сынды ұстау үшін пайдаланған. Осы түрмеден босап шыққан әйелдердің көбі оны ДАИШ-тың жан төзгісіз тозағы деп еске алады.