Иран Сириядағы лаңкестік жарылыстарды айыптады
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми тәкфиршіл қылмыскер лаңкестер мен олардың ваххабилік демеушілерінің Сирияда қарапайым адамдарды нысанаға алған әрекеттерін аймақтағы соғыс майданында олардың шикі саяси мақсаттарының жеңіліс тауып, әлсірегенінің нышаны деп атады.
«Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні Сирияның Тартус, Хомс, Хасаке, Дамаск облыстарында орын алып, ондаған жазықсыз адамның қаза болуына әкеліп соқтырған тізбекті лаңкестік әрекеттерді айыптап, Сирия үкіметі мен халқының қайғысына ортақтастық білдіріп: «Тәкфиршіл қылмыскер лаңкестер мен олардың ваххабилік демеушілерінің Сирияда қарапайым адамдарды нысанаға алған әрекеттері аймақтағы соғыс майданында олардың шикі саяси мақсаттарының жеңіліс тауып, әлсірегенін көрсетеді. Сондықтан осындай қорқынышты қылмыстар күн сайын қайталанып, Сирия, Ирак пен Йеменде қорқынышты оқиғалар орын алып отыр»,-деді.
Дүйсенбі күні Сирияның әртүрлі облыстарында орын алған 6 жарылыста 38 адам қаза тауып, кемінде 57 адам жараланды.
ДАИШ лаңкестік тобы Сириядағы лаңкестік жарылыстардың жауапкершілігін өз мойнына алды.