Иран Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі Бас хатшысының сөзіне реакция білдірді
Иран СІМ ақпарат хатшысы Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі Бас хатшысының сөзіне реакция білдіріп, оған: «Мина апатының себептерін анықтау үшін ақиқат іздеуші исламдық-халықаралық топ құруға талпыныс жасау қажет. Эр-Риядқа осы топты құруға кедергі жасауға рұқсат бермеу керек»,-деп кеңес берді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі Бас хатшысының Мина оқиғасына қатысты жақтасушы позициясына реакция білдіріп: «ИИР қайғылы Мина оқиғасын Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі Бас хатшысының есіне салып, өткен жылғы қажылық рәсімдерінде қажылар бастан өткерген нәрсе Сауд әулеті басшыларының қажылық рәсімдерін басқаруға қабілетсіздігі мен біліксіздігін айқын көрсетіп берді деп есептейді. Сауд әулеті басшылары мен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі Бас хатшысының өз кінәларын өзгелерге жабуы оларды Мина апатында әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған мұсылманның жазықсыз төгілген қанына жауапкершіліктен босатпайды және Сауд әулетінің қажылық рәсімдерін басқара алмайтынын жасыра алмайды.
Ислам дінінің құндылықтары мен принциптеріне беріктік пен Абдуллатиф әз-Зияни айтып өткен махаббатқа беріктік өзінің біліксіздігімен ислам әлемін қара жамылтқан билеушілерді қолдаудағы олардың амалдарына толығымен қайшы келеді»,-деп қуаттады.