Иран Араб лигасы министрлер кеңесінің мәлімдемесіне реакция білдірді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Араб лигасы министрлер кеңесінің Иранға қарсы мәлімдемесін біржақты, шындыққа қайшы және Сауд Арабиясына жағымпаздану аясында жасалған деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми жұма күні Араб лигасы министрлер кеңесінің жуырдағы мәлімдемесіне реакция білдіріп: «ИИР осы кеңеске ізгі ойлап, шын сөйлеп, шынайы жағдайға көздерін ашуға кеңес береді.
Егер Араб лигасының министрлер кеңесі аймақ елдері арасында бейбіт өмірдің қалыптасуына көмектесуді шынайы түрде қаласа және тату көршілестікті нығайту үшін шынайы ерік-жігерге ие болса, Сауд Арабиясынан Сирия, Ирак, Йемен мен Бахрейнде халықты қырып-жою мен басып-жаншуды, өзі дайындап шығарған лаңкестік топтарды қолдауды тоқтатуды талап етсін.
Өткен жылғы Мина апатында қаза болғандардың жанұялары мен жараланып, зиян көргендер ақиқат ашылып, Сауд Арабиясының осы апат пен жыл сайын қажылық рәсімінде орын алатын басқа оқиғаларға заң негізінде жауап беруін күтеді»,-деп баса айтты.