Ахрар аш-Шам Сириядағы атысты тоқтату бітімін бұзды
Ахрар аш-Шам лаңкестік тобы Сириядағы атысты тоқтату бітіміне сенбейтінін жариялады.
Ливанның «Әл-Ахд» ақпарат базасының мәліметінше, Ахрар аш-Шам лаңкестік тобының әскери хатшысы Абу Юсеф әл-Мохаджер жексенбі күні бұл топтың Сириядағы атысты тоқтату бітіміне табанды болмауын қуаттап: «Атысты тоқтату бітімінің Ахрар аш-Шам тобына қатысы жоқ. Бұл Ресей мен АҚШ-тың арасындағы келісім. Бұл туралы Ахрар аш-Шаммен ешкім ақылдасқан жоқ. Осы кезде өзінің әртүрлі жүзін көрсетуге әрекет жасап отырған АҚШ-тың ойынының куәсіміз. АҚШ Сирияның азат әскерінің кейбір топтарын қолдайды»,- деді.
Сириядан келіп түскен келесі хабар бойынша, Сирия әскерінің Алеппоның әл-Америе ауданының кейбір жерлерін өз бақылауына алып, осы қаланың оңтүстігіндегі әр-Рамусе тас жолында қауіпсіздік орнатылды.