Бригада генералы Деһқан: Барлық тараптар Сирияның заңды үкіметіне берік болуы тиіс
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i14491-Бригада_генералы_Деһқан_Барлық_тараптар_Сирияның_заңды_үкіметіне_берік_болуы_тиіс
Иранның Қорғаныс министрі барлық тараптардың Сириядағы атысты тоқтату бітімі мүмкіндігін пайдалануын осы елдің дағдарысын шешу жолындағы маңызды қадам деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 13, 2016 21:15 Asia/Almaty
  • Бригада генералы Деһқан: Барлық тараптар Сирияның заңды үкіметіне берік болуы тиіс

Иранның Қорғаныс министрі барлық тараптардың Сириядағы атысты тоқтату бітімі мүмкіндігін пайдалануын осы елдің дағдарысын шешу жолындағы маңызды қадам деп атады.

"Жас тілшілер" клубының хабарлауы бойынша, Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы Хосейн Деһқан сейсенбі күні Сирияда атысты тоқтату бітімінің жариялануы мен оның Хома мен Идлиб облыстарында бұзылуына тоқталып: "Сириядағы атысты тоқтату бітімі барлық қақтығысушы тараптардың мүддесіне сай тақырып",-деді. 
Бригада генералы Деһқан "Бұл атысты тоқтату бітімі Сирияда тұрақты бола ма?" деген сұраққа берген жауапта: "Барлық тараптар Сирияның заңды үкіметін қолдауы тиіс. Сирия дағдарысының əскери жолмен шешілмейтінін түсіну өте маңызды. Атысты тоқтату бітімі қоршауда қалған аймақтарға көмектесу үшін қолданылуы тиіс",-деді.

Ресей мен АҚШ тарапынан келісілген Сириядағы атысты тоқтату бітімі дүйсенбі күні кештен басталып, 7 күнге созылады.

ДАИШ пен "Фатх əл-Шам" майданы сияқты лаңкестік топтар бұл бітімге кірмейді, сондықтан олардың позицияларына шабуыл жасауға болады.