Қыр 27, 2016 15:17 Asia/Almaty
  • Теһранда Велаяти мен Сирия Парламентінің төрағасы кездесті

ИИР Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы: «Иран Сирияда лаңкестерді толығымен жеңгенге дейін осы елге қолдау көрсете береді»,-деп қуаттады.

ИИР Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Әлиакбар Велаяти дүйсенбі күні Теһранда Сирия Парламенті Өкілдер палатасының төрайымы Хедие Халаф Аббаспен кездесіп, ИИР-ның Сирияның аумақтық тұтастығын қолдайтынын айтып: «ИИР Сирия Президенті Башар Асадтың үкіметі мен жеке өзін бар күш-қуатымен қолдайды. Иран мен Сирияның мақсаттары ортақ. Екі елдің қарым-қатынасы Ислам революциясының басынан бүгінге дейін даму үстінде және стратегиялық сипатта болды»,-деп баса айтты.

Сирия Парламенті Өкілдер палатасының төрайымы осы кездесуде  Иранға, әсіресе Ислам революциясының жетекшісіне алғыс айтып: «Ислам революциясының жетекшісінің ұстанымы қарсыласу қозғалысы мен Сирия халқының табандылығына негіз болып, айтарлықтай рөл атқарды»,-деді.

Хедие Халаф Аббас Сирияда лаңкестік әрекеттердің ваххабилік тәкфиршілер тарапынан жасалып жатқанын айтып: «Бұл әрекеттер АҚШ, сионистік режим мен аймақтағы кейбір араб және араб емес елдері, соның ішінде Сауд Арабиясы, Катар мен Түркияның басқаруымен жасалып жатыр»,-деді.

Тегтер