Қаз 07, 2016 16:40 Asia/Almaty
  • Иран аймақтық халықтардың мақсаттарын қорғауға дайын

ИИР Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Иранның аймақтық халықтардың мақсаттарын қорғауға дайын екенін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әлиакбар Велаяти бейсенбі күні Теһранда Сирияның экономикалық делегациясымен кездесіп: «ИИР Сирияда шын мәнінде Иран, Сирия мен қарсыласу өзегіндегі барлық мемлекеттердің халықтарының мүдделерін қорғайды»,-деп қуаттады.

Велаяти халықтардың басқыншыларға қарсы тұрған жағдайда жеңіске жететінін айтып: «Сирия үкіметі мен халқының да өз елдеріндегі теңсіз соғыста жеңіске жетіп, америкалықтар мен сионистерді және аймақтағы реакцияшыл арабтарды Сирияны бөлуге талпыныс жасағандары үшін өкіндіретіндігінде күмән жоқ»,-деді.

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі, сондай-ақ, дұшпандардың қарсылығына қарамастан Иран, Сирия мен Ресейдің әріптестігін кеңейту қажеттігін айтып: «ИИР аймақ халықтарының мақсаттарын қорғайды»,-деді.

 

Тегтер