Стамбұлда жарылыс жасаушы құрықталды
Түркия полициясының дереккөздері бейсенбі күні Стамбұлда бір полиция бөлімшесіне жақын жерде болған жарылысқа жауаптыны құрықтағандарын хабарлады. Сол жарылыста 10 адам жарақат алды.
«Анадолы» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, жалған куәлікпен жүрген бұл адам Түркияның орталық бөлігіндегі Қомсари облысында қолға түскен. Осы мәлімет бойынша, Күрдістан жұмысшылар партиясының бұл мүшесі бейсенбі күні кешке ұсталған.
«Анадолы» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, қауіпсіздік күштерінің тексерісіне сәйкес осы жарылыста қолданылған мотоциклдың иесі жарылыс жасаушыға оны уақытша пайдалануға берген. Алғашқы тексерістер бойынша, жарылыс жасаушы Күрдістан жұмысшылар партиясының мүшесі болып табылады. Осы дереккөзінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері жарылысты жасаушының жеке тұлғасын анықтағаннан кейін ол осы шабуылда «А3» және «А4» түріндегі пластикалық жарылғыш зат қолданды деген нәтиже шығарды.
Бейсені күні түстен кейін Стамбұлдың Иени Бусна ауданындағы бір полиция бөлімшесі жанында бір мотоциклдың жарылуы салдарынан 10 адам жарақат алды.